Санитарлық режимді қатаң сақтау баршамыздың міндетіміз болып қала бермек.

Елімізді жайлаған қауіпті індет ірі кәсіпкерлермен қоса, зейнеткерлерге де, әсіресе, өзін-өзі жұмыспен қамтып, күнделікті напақасын тауып отырған жандарға оңай соқпағаны анық.
Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиннің ұзаруы бір жағынан індеттің алдын алу болса, екінші жағынан шектеу шараларының күшейтілуінен көптеген отбасының тығырыққа тірелген де жасырын емес. Алайда, үкімет ешкімді далада қалдырмады. Әр карантинде мемлекеттік жәрдемақы төлеп отырды. Ал, бүгінгі шектеу шараларының жеңілдеуі сол қиналған халықтың бұрынғыдай, мамыражай өмірге енуіне жол ашқанда. Десе де, санитарлық шараларды сақтау керек екенін барша халық жақсы түсінгендей. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осыған байланысты жоспарын бекітті. Еліміздің қалыпты тіршілікке оралуы қалай жүзеге асатыны белгіленді. Сондай-ақ, экономиканың күретамыры – бизнесті жандандыру кезең-кезеңімен іске аспақ. Мемлекеттік комиссия 17 тамыздан бастап кәсіпкерлік нысандардың бірқатарына қызметін қайта бастауға рұқсат бергені қуантарлық жайт. Бірақ қауіпсіздік талаптары әлі де қатаң ескерілуі керек екені даусыз. Мысалы, сауда орындары, сұлулық салондары, хауызы бар фитнес-орталықтар мен хауызы жоқ монша-сауналарда әр келуші үшін кемі 4 шаршы метр аумақ берілуге тиіс делінген. Қызметке жүгіну үшін алдын ала жазылу да міндетті.
Осылайша 2020 жылғы 17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді. Сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар, сұлулық салондары, шаштараз, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша, бассейні жоқ фитнес орталықтары, бассейні жоқ моншалар мен сауналар, балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары, ашық ауадағы аттракциондар арақашықтықты сақтау, маска тағып, адамдар ағынын реттеу арқылы жүзеге асырылатыны өте дұрыс болды. Салынған тыйым сақталатын на сенімдіміз. Өйткені, денсаулық бәрімізге қажет. Оған қоса, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталатын да індеттің таралуын тоқтатады сөзсіз. «Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау ‒ барлық адамдар үшін сақталуы тиіс міндетті санитарлық талаптар және бұл азаматтардың күнделікті өміріндегі ережелерге айналуы қажет екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан, санитарлық режимді қатаң сақтау баршамыздың міндетіміз болып қала бермек.

Ұлболсын АХМЕТОВА,
ЖАРҚАЙЫҢ аудандақ мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар