Жаңа белгілері бой көрсетуде

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері дене қызуының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіретін көрінеді.

Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады. Онда коронавирус жұқтырған науқас ауруханаға жоғары дене қызуы және бөртпе секілді дене қызуының белгілерімен түсуі мүмкін екені айтылған.
COVID-19 инфекциясының диагностикасын жүргізуді қиындатып отыр. Диагноздың дұрыс қойылмауы науқастың өзіне ғана емес, қоршаған орта үшін де аса қауіпті.
Сингапурлық дәрігерлер екі мәрте жаңылып, науқастарды дене қызуынан емдеген. Алайда, ем-дом көмектеспегеннен кейін ғана коронавирусқа сынама алынып, ауру расталған.
Жыл басынан бері Сингапурда дене қызуымен сырқаттанудың 3,6 мыңнан астам дерегі тіркелген. Ал, Индонезияда биылғы жылдың алғашқы екі айында бұл дертпен 14,7 мың адам ауырып, 94 науқас көз жұмған.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар