Праймеризге тіркелу басталды

Ақмола облысында праймеризге қатысу үшін алғашқы құжат өткізгендер белгілі болды.  Бір күннің ішінде  90 ақмолалық  праймеризге қатысуға үміткер болып тіркелді.

«Nur Otan» партиясының  праймериз науқаны басталды. Таңғы сағат 9.00-ден үміткерлердің құжаттарын қабылдау жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Ақмола облысының партия филиалдарына 90 адам құжаттарын тапсырып үлгерді. Оның алғашқысы Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын ел» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрмаханов Жолдасбек  болса,  одан кейін Шортанды аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Іңкәрім Қабылхан құжат тапсырды.  Қос үміткер де «Nur Otan» партиясының мүшесі. Жолдасбек Баймаханұлының айтуынша, Праймеризге қатысудағы басты мақсаты жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру, жастар мәселесін шешуге ат салысу, тіл мен руханият бойынша патриоттық мәселеге кеңінен көңіл бөлу. Ал кандидат Іңкәрім Қабылхан  жастармен жұмыс саласында бірнеше жыл еңбек етіп жүрген маман. Ол жастар мәселесін жақсы біледі. Жас ғалымдарға грант бөлу, жастар кәсіпкерлігін қолдау мәселесі оның бағдарламасында орын алмақ.

Жалпы, өтініштер  28 тамыз күнгі сағат  18:00-ге дейін қабылданатындықтан, праймеризге қатысуға ниеттілердің құжат өткізуге  мүмкіндігі мол. Праймериздің мақсаты – Парламент мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау. Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталатын болады. Іріктеуге жасы 20-дан асқан, сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Праймеризге қатысуға тек партия мүшелері ғана емес, сонымен қатар, партияда жоқ, бірақ «Nur Otan» партиясына мүше болғысы келетіндер  де жіберіледі.

Праймеризге кандидаттарды тіркеу әлі де жалғасуда.
 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар