Бурабайда жаңа аттракциондар паркі ашылады

«Бурабай даму» ЖШС бірыңғай байланыс орталығының басшысы Азамат Баймұқановтың айтуынша, биіктігі 42 метрлік шолу шеңбері салынып жатыр.

Сонымен бірге отбасылық, балалар және экстремальды бағыттағы аттракциондар ашу да қарастырылған. Нысан құрылысы «Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылуда. Шолу шеңбері мен түрлі қызықты аттракциондар Бурабай курортына дем алуға келетін туристердің көңіл көтеріп, дем алатын сүйікті орнына айналады деген сенім бар.
– Бұл – жалпы құны 347 миллион теңгені құрайтын инвестициялық жоба. Оны инвестор «Колесо удачи» ЖШС жүзеге асыруда. Нысан Бурабай кентіндегі «Бурабай даму» ЖШС визит орталығының аумағында орналасады. Оны үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған», – дейді Азамат Баймұқанов. Шолу шеңбері Бурабай тұрғындары мен қонақтарына курортты аймақтың көркін жыл бойы тамашалауға мүмкіндік береді. Аттракцион тәулік бойы қызмет көрсетіп, онда 15 адам жұмыс істейтін болады. Айта кетейік, «Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға қарай курортты өңірге келетін туристер санын 1,6 миллионға жеткізу жоспарланған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар