Жерлестеріміз – ұлттық құрамада

Шаңғы спортынан Қазақстанның штаттық ұлттық құрама командасының қорытынды құрамы бекiтiлдi.

Оның құрамына 16 спортшы кiрдi: 9 атлет ерлер тобында және 7 спортшы әйелдер тобында сайысқа түседі. Бұл қатарда Валерия Тюленева, Константин Борцов, Олжас Климин, Евгений Величко және Никита Гридин сияқты ақмолалық 5 өрен бар.
–COVID-19 пандемиясы салдарынан маусымның соңында жоспарланған жарыстардың бiр бөлiгiн тоқтатуға тура келдi. Бекiтiлген құрам Халықаралық шаңғы федерациясының рейтингiне сәйкес, республикалық бiрiншiлiктерде, халықаралық жарыстарда өнер көрсету қорытындысы бойынша іріктелді. Спортшылардың кейбiр бөлiгi дербес дайындық шараларын өткізуде. Бұл балалардың спорттық мансабы аяқталғанын бiлдiрмейдi. Олар байрақты бәсекелерде өнер көрсетуiн жалғастыра бередi және iрiктеу сайыстарының қорытындысы бойынша халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғай алады. Біз жерлестерімізге жеңісті жолдар тілейміз,–дейдi республикамызға еңбек сіңірген жаттықтырушы Александр Батяйкин. Ұлттық федерациясының баспасөз қызметi хабарлағандай, жаңа құраммен бiрiншi оқу-жаттығу жиыны сәл кейiнiрек басталғанымен, сәтті өткен. Мұнда карантиндiк шаралар қатаң сақталуда.
Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар