Елімізде ұлттық спорттың каратэ және қылыштасу түрінен 2 мыңға жуық бола айналысады

Қазақстан Республикасы каратэ федерациялар одағының вице-президенті Жасталап Санауовтың қатысуымен Щучинск қаласында алғаш рет каратэ және қылыштасу орталығы салтанатты жағдайда ашылды.
Оған «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, партияның Бурабай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әсет Мұздыбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаевтар қатысты.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан Республикасының каратэ-до федерациясы ұлттық жекпе-жек – қылыштасуды жандандыру идеясын көтерген болатын. Каратэ мен қылыштасудан республикалық чемпионаты аясында жеке турнир өткізіледі. Бүгінгі таңда республика бойынша осы ұлттық спорт түрімен 2 мыңға жуық бала айналысады, олардың 300-і біздің өңірден болса, 200-і Бурабай ауданынан.
– «Біз бүгінгі ашылған ұлттық спорт түрі – қылыштасудың қарқынды дамып, жетіле түсетініне сенімдіміз. Жас спортшылар мен жаттықтырушылар арасында тәжірибе мен білім жолында жаңа белестер бағындырылатын болады. Біз қылыштасуды қайта жандандыруды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне деген парызымыз деп санаймыз және басқаларды осыған жаттығуға шақырамыз », – деді Жасталап Санауов салтанатты шараға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде.
Өздеріңіз білгілі, каратэде ауылшаруашылық құрал-саймандарымен кобудо-күрес бөлімі бар. Егер бұл үшін Жапонияда жауынгерлер қолмен нунчак бастыруды қолданса, ал қазақ батырлары қылыш пен қалқанды түрінде нағыз қару ретінде шебер қолданған. Жауынгерлік шеберлікті игере отырып, батырларымыз оларды жас ұрпаққа өнеге етіп қалдырды. Сондықтан, қазір сегіз жастан асқан ұлдар оқытылып, 12-13 жастан бастап олар интернационалдық шайқастарға қатысады.
– «Жақында бір топ қазақстандық ғалымдар, қоғам қайраткерлері бірқатар зерттеулер жүргізіп, қару ұстау қабілеті қазақ халқының ұлттық болмысының міндетті белгісі болып саналатынын тағы бір дәлелдеген. Біздің ата-бабаларымыздың жауынгерлік өнеріде шығыс жекпе-жегінің ерекшеліктері мен элементтері басым», – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов.
Жалпы, бүгінгі таңда облыста 4 мыңнан астам бала жекпе-жектің 8 түрімен айналысады. Олар – ушу, каратэ-до, дзюдо, таэквандо, киокушинкай кан каратэ, каратэ-шотокан, кекусинкан кан каратэ-до, мауйтай. Бұл спорт түрлері баланың бойына батылдық, мақсаттылық, бастамашылдық, рухани даму сияқты ерік-жігер қалыптастырады.
«Шидай» ата-аналар қауымдастығы мен спорт клубы тәрбиеленушілерінің айтуынша, жаңа жеке ғимарат іске қосылуымен бірге жаңа мүмкіндіктер де пайда болуда.
– Орталықтың пайда болуына байланысты жарыстар жақсы деңгейде өтетініне сенімдіміз. Біз тәжірибе алмасу үшін басқа елдерден мамандарды шақырамыз. Сондай-ақ, осы спорт түрімен айналысқысы келетіндердің саны да едәуір артатыны сөзсіз, – дейді клубтың жаттықтырушысы және жетекшісі Олжас Нұрмағамбетов.
Болашақ карате және қылыштасу орталығы кешенінде күрес және бокс, коррекциялық бөлмелер, жекпе-жек залы мен фитнес залы сияқты бұқаралық спорт түрлері мүмкіндігі шектеулі балалар, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардағы балалар үшін қол жетімді болатыны өте маңызды.
Жаңа каратэ және қылыштасу орталықтарын салуға бірден-бір бастамашы болған Қазақстан Республикасы Каратэ Федерациялары Одағының вице-президенті Жасталап Санауов республикалық қылыштасу федерациясына жетекшілік ететін болады. СЧонымен қатар, Бурабай ауданында игі бастаманы көтеруге атсалысқан Олжас Нұрмағамбетов, Сергей Воскресенский, Тимур Смаилов, Асан Үсембаев, Данил Сугробов, Талғат Қоқышев, Данил Воронин сынды азаматтар – өткенге деген құрметпен айталмыш спорт саласында жас буынға қамқорлық танытып, биік белестерді бағындыруға күш-жігерлерін салары сөзсіз.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар