Сервистік қызмет орталығы

Облыс әкімі Сергей Кулагин мен облыстық мәслихат депутаттары, қала, аудан әкімдері және облыстық департаменттер мен басқарма басшылары Көкшетаудағы «АгроИнтерТех» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ауыл шаруашылығы техникаларына сервистік қызмет көрсететін оқу-өндірістік орталығының ашылу салтанатына қатысты

Қазақстан-Канада бірлескен кәсіпорны «АгроИнтерТех» серіктестігі  2000 жылы құрылған «Рамут» Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі компаниялар тобына кіреді. 2014 жылы пайдалануға берілген кәсіпорынның құны 566,2 миллион теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорын мемлекеттік қолдау ретінде  «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы 262,2 миллион теңге, «Даму» қоры арқылы 182,6 миллион теңге субсидияға қол жеткізді. Сонымен қатар, 0,48 гектар жер телімі, 2,4 мың шаршы метр ғимараты бар.
Компанияның негізгі қызметі Ақмола,  Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша өсімдікті қорғау құралдарын іске асыру, бидай және майлы дақылдарды экспортқа шығару болып табылады.
–Қазіргі кезде «Рамут» Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еншісіне өзара байланыстағы 2 ауыл шаруашылығы кәсіпорны, 2 элеватор, астық қабылдау пункті,  «Еңбек-Астық», «ҚазСеверСтрой» және «АгроИнтерТех» серіктестіктері кіреді. Осындай ресурстар ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруде корпорацияның Еуродаққа мүше елдердің бидай нарығына шығуға мүмкіндік беріп отыр. 2011 жылдан бері барлығы 3,7 миллиардтан астам теңгенің дәнді дақылдары экспортталды, – дейді кәсіпорын директоры  Мұрат Теміржанов.
Аталған компаниялар тобының «АгроИнтерТех» серіктестігін құрудағы негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы техникаларының барлық түрлері мен қосалқы бөлшектерін сату болып табылады. Осы   бағытта 2014 жылы АҚШ және Канада елдерінде шығарылған құны 656 миллион теңгені құрайтын 33 техника (10 комбайн, 6 шөп шабатын жатка, 1 «Challenger» маркалы шөп тиегіш) сатылса, оның 20-сы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы сатылды.Ал, қызмет көрсету саласына келетін болсақ,  компания тарапынан сервистік қызмет тиімділігін арттыру және дамыту бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар