Жалбыраған жарнама, жөнге салар жан бар ма?..

Жарнама дегеніміз – белгілі бір зат пен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті елге таныту, насихаттау, оларға деген сұранысты күшейту мақсатымен жарияланған хабарлама жиынтығы. Жарнама (жар+нама; «жар» – жария етті, мәлімдеді, хабар таратты, жарияланды; «нама» – араб, парсы «жазылған хат, шығарылған бәйіт, дастан» – қазақ мәдениетінде кең қолданылған ұғым.

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo – жар саламын) – тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама, тағы басқалары.Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo – жар саламын) – тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама, тағы басқалары.Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай, Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама компаниялары пайда болды. Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» (2003 жыл), «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарында жарнама, оның мазмұны, орналастыру тәртібі және мұнымен айналысатын нысандардың жұмысын реттеп, бақылау регламенті белгіленген. Бұл орайда сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін тиісінше эстетикалық, санитариялық және техникалық жай-күйде ұстап тұру, елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнатылатын декоративтік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (гүл құмыралары, павильондар, отырғыштар, орындықтар, жәшіктер, қоғамдық көлік аялдамалары, ақпараттық панель, балалар ойындарына және ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкцияларға нұқсан келтірмеу ерекше назарда ұсталады.Жарнама Көкшетау қаласының да тыныс-тіршілігін, өмір салтын, бет-бейнесін, болашаққа бағдарланған ұстанымдарын айқындайтын көрнекі құралдың бірі екендігі айқын. Біздің көркем қаламызда көптеген жұмыстар атқарылуда. Сонымен бірге, әлгі «көптегеннің» ішінде талап тұрғысынан төмен келеңсіздіктер кездесіп қалуда. Идеологиялық, мәдени саясаттың бір саласы саналатын бұл бағытта олқылыққа жол берілмеуі керек. Қаланы түгел шарлап жатпай-ақ қоялық, шаҺар орталығында да көзге қораш дүниелер баршылық.Біз осы орайда сурет сөзімен сөйлеп көрсек дейміз. Ескеретін жағдай, бұл орайда жарнамалардағы сөйлем құрылымына, әріп қателеріне, жапсырылған мерзіміне көңіл аудармадық. Мәселен, Қайрат, Заттыбек және басқа өнер жұлдыздарының былтырғы қараша, биылғы наурыз айларындағы жарнамаларына дегендей.Назарларыңызға елімізге белгілі фототілші Советбек Мағзұмовтың суреттерін ұсынып, жұртшылықты ойға салғанды жөн көрдік. Қараңыздар, пайым таразысына салыңыздар: Ботакөз Бақберген,Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің студенті. Суреттерді түсірген Советбек Мағзұмов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар