«Авиценнадан» үміт мол

Өңір басшысы Сергей Кулагин «Авиценна» емдеу-сауықтыру мекемесінің жаңа ғимаратын ашып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Жеке меншік мекемеде білікті дәрігерлер баршылық.  «Авиценна» емдеу орны 1996 жылы темір жол ауруханасының базасында ашылған еді. Осы уақытқа дейін сонда жұмыс істеп келді. Одан бері мұндағы ақ халатты абзал жандар талай адамдардың өміріне араша түсіп, алғыстарына бөленгені анық. Биылғы жылы мекеме өзі салған жаңа орынға қоныс аударып отыр.  Бес қабатты әсем ғимараттың құрылысына және жаңа қондырғылар сатып алуға 5 миллиард теңге жұмсалыпты.
Мекеме директоры Сапарғали Құлышев көрсетілетін медициналық қызметтің 14 түрімен таныстырды. Бірінші қабатта сырқаттар қабылданса, өзге қабаттарда терапия, урология, хирургия, кардиология, эндокринология, анестезиология, реаниматология, отоларингология, офтальмология, дерматология, невропатология және педиатрия бөлімшелері жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұнда тұрғындарға стационарлық медициналық көмек көрсетіледі. Мекеме медициналық қызмет көрсету үшін қажетті аппараттармен және медициналық қондырғылармен қамтамасыз етілген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар