Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастырып келеміз

Елімізде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін, олардың біліктілігі мен кәсібилігін, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтаудағы жауапкершілігін арттырудың қашан болсын, маңызы зор.

Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық сананы дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құрудың маңызды құрамдас бөлігі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамның құқықтық мәдениетіне негізделген, ол конституциялық құрылымның тұрақтылығына, заңдылықтың нығаюына, заңдардың қолжетімділігіне, демократиялық құқықтық институттарды құрметтеуге, заңдылықты қатаң сақтауға жетелейді.
Сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында нақты белгіленген. Оның басты мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру. Әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында қызметін адал және жауапкершілікпен атқару арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге өз үлесін қосады және мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерімен ғана сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз құбылысқа қарсы тұруға болады.
Қаржы басқармасы мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөл атқарады және өз құзыреті шегінде облыстық бюджеттің, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру әрқашан қаржы басқармасының басты бір міндеті болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне байланысты құқыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу және болдырмау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін сенім телефоны (8716-2) 25-30-42 жұмыс істейді, ғимаратта азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік, басқарма басшысының және басшы орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған. Басқарманың интернет-ресурсында жеке және заңды тұлғалардың өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бойынша маңызды фактор мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығы мен кәсібилігі болып табылады. Осыған байланысты қаржы басқармасында аппараттық сабақтар үнемі өткізіліп тұрады, онда мемлекеттік қызметшінің этикалық нормаларына қатысты мәселелер қаралады, басқарманың қызметін реттейтін заңнамадағы, оның ішінде мемлекеттік қызмет, әкімшілік құқық бұзушылық, мемлекеттік сатып алу туралы өзгерістер қадағаланады және талқыланады. Сондай-ақ, өзінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында біліктілікті арттыру курстарынан өтуде.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының туындау себептері мен жағдайларын болдырмау үшін басқармада тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіледі, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, бюджетті атқару саласындағы заңдылық шараларының жай-күйіне жүйелі негізде талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Ашықтық, айқындық тетіктерін енгізу және оларды нақты қамтамасыз ету сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нысандарының бірі болып табылады. Осыған байланысты қаржы басқармасының ресми интернет-ресурсында облыс бюджетінің атқарылуы туралы есептер, бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша материалдар үнемі орналастырылып отырады. Сонымен қатар, сайтта басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы бөлім бар.
Қаржы басқармасы өткізетін барлық іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, осы орайдағы құқық бұзушылық жасау себептері мен жағдайларын жоюға, құқықтық базаны жетілдіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттауға бағытталған. Алдағы уақытта да осы жұмыс дәйектілікпен жалғаса беретіндігіне сенім мол.
Талғат БӨЛТЕНОВ,
Ақмола облыстық қаржы басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар