Балалардың қауіпсіздігі басты назарда болады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова жаңа оқу жылына дайындық барысында атқарылған шаралар туралы айтып берді.

Пандемияға байланысты жаңа оқу жылын облыстың 210 мектебі қашықтықтан, ал, 344 мектеп штаттық режимде бастағалы отыр. Айна Мысырәлімова ата-аналар балаларын кезекші сыныптарда оқытуға көптеп өтініш білдіріп жатқанын айтты. Сол себепті, дәстүрлі режимде оқытылатын мектептер мен кезекші сыныптардың саны жоспардан әжептеуір артқан. Ендігі ретте, мектептерге барып оқитын балалардың қауіпсіздігін сақтау мәселесі бас-ты назарда болуы тиіс. Ол үшін оқу жылын штаттық режимде бастайтын білім ошақтары мен кезекші сыныптар дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етіледі.
Брифингте сөз алған облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова оқушылар мектепке міндетті түрде маскамен келіп, оны екі сағат сайын ауыстырып отыруы қажеттігін айтты. Оның мәліметінше, коронавирус пандемиясы таралғалы бері облысымызда індетті 3-6 жас аралығындағы 50 бала және 7-18 жас аралығындағы 156 бала жұқтырған. Қазіргі таңда коронавирусқа шалдығу көрсеткіші біршама азайғанымен, сақтық шараларын әлі де ұстануымыз қажет деді санитарлық дәрігер. Мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын аталған департамент мамандарынан құралған мобильдік топтар жіті бақылап отырады. Сақтық шараларын ұстанбай, індеттің тіркелуіне жол берген білім беру нысандарында оқыту қашықтық режиміне ауыстырылатынын айтты Сәуле Сәдуақасова.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар