Жылу ақысы қымбаттауы мүмкін

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды.

Бұл жолы журналис-тер «Көкшетау жылу»  коммуналдық кәсіпорнының инвестициялық жоба аясында жылу беру нысандарында қолға алған күрделі жөндеу  жұмыстарына куә болды. Ш.Құдайбердиев көшесінің бойындағы жылу құбырлары жаңартылып, 1 шақырым жылу беру желісі ауыстырылған. Аталған желіге 60 нысан қосылып, абаттандыру шаралары қолға алынуда.
Сонымен қатар, Әуелбеков және Жеңіс көшелері қиылысында да жылу құбырлары ауыстырылуда. Бірлік кентінде де 300 метр-ге жуық жылу беру желісі жаңартылыпты.
– Бүгінгі күні осы инвестиция арқасында тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетіліп, қаржы шығынын да біршама азайту көзделіп отыр, – дейді кәсіпорын директоры Сергей Жуков.
Биылғы көктемде бұл кәсіпорын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне инфляция пайызына байланысты біртіндеп жылу ақысын көтеру жөнінде өтініш берген болатын. Осыған орай,  2020 жылға дейін жылу ақысының әр шаршы метрі үшін төленетін ақы кезең-кезеңмен 164,9 теңгеге жетуі  керек екен.
Қазіргі кезде Көкшетауда жылу тарифі 91 теңгені құрайды. Бұл 2009 жылы қалыптасып, содан бері келе жатқан тариф. – Бүгінгі қымбатшылық белең алған кезде бұл тариф шығынды көбейте түсуде,– дейді кәсіпорын басшылары. Сондықтан, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өткізу жоспарланған.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар