Бүгінгі таңдағы мәселелерді шешудің нақты бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Бұл өте маңызды Жолдау болды. Дағдарысқа қарсы тек бағдарлама ғана емес, сонымен қатар, бүгінгі дағдарыс кезеңіндегі қаржы мен білімге, денсаулық сақтауға деген көзқарас мүлдем басқаша болуы керек екені айтылды. Осылайша дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды. Ең маңыздысы, адами кадрлық ресурстарға көңіл бөлді. Лайықты білім беру қажеттілігі туралы адами ресурстардың жетіспеушілігі тереңінен түсіндірілді. Жолдауда  одан да басқа көп нәрселер айтылды. Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдіре отырып, ондағы кадр жетіспеушілігі мен қажетті мәселелерге арнайы тоқталып өтті.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес саласы қиын кезеңдерді бастан кешіп отырғаныны белгілі. Іс жүзінде пандемияның ауыртпалығы барша халықтың мойнына түскені шындық. Теріс экономикалық салдарларды жою үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер берілуде. Жеңілдікті шарттармен несиелерді қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілген, кейінге қалдырылған төлемдердің бәрі осы дағдарыстың салдарынан болып отыр. Алайда, жағдай әлі қиын екенін, шешімін табатын нәрселер бар екенін ашық айтты Мемлекет басшысы. Нәтижесінде шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен секторларындағы беріліп отырған барлық несиелер бойынша жылдық 6 пайызға дейінгі мөлшерлемеге мемлекеттік субсидиялар ұсынуды, яғни, келесі жылы ШОБ қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруді тапсырды. Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіруі мемлекетке қарсы аса ауыр қылмыс деп қабылдануы тиіс екенін де айтты.

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленетіні белгілі болды. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінуде.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бары белгілі. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін арзан несиенің болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы бәрі-бәрі қолбайлау болып отыр. Сондықтан, өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек екенін жеткізді. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болатыны айқын. Балық шаруашылығына да ерекше мән берген жөн деген Мемлекет басшысы, қосымша құн қалыптастырудың өзегі саналатын ірі жобалар маңызды рөл атқаруға тиіс екенін қадап айтты. Вертикальді кооперация аясында жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетін пайдаланған абзал. Жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады.

Бұдан әрі цифрландыру саласына кеңінен тоқталды. Бұл барлық реформалардың негізгі элементі. Цифрландыру сән үрдісі ғана емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің басты құралы болып табылады. Ең алдымен, цифрлық алшақтықты жою, Интернетке барынша қол жетімділікті және барлық азаматтардың сапалы байланысын қамтамасыз ету қажет. Бүгінде бұл жол мен электр энергиясы сияқты негізгі қажеттілікке айналып отыр. Әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балалары компьютерлермен және жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етілуі керек. Осы жылдың аяғында 250-ден астам тұрғыны бар әр ауыл Интернетке қол жеткізе алатыны қуанарлық жағдай.

Жалпы, бүгінгі Жолдауда көп нәрселер айтылғанын жоғарыда атап өттік. Мәселен, Президент азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуына баса тоқталды. Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алып отырмыз. Бұл мемлекеттік органдар азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл Мемлекет басшысы өзі айтқандай, ең алдымен, билік пен  қоғам арасындағы тұрақты диалог болмақ. Осылайша Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі азаматтық диалогты дамыту ісіне тың серпін берді. Сайып келгенде, еліміздегі жалпы ұлттық диалог үдерісін орнықтырып, өз миссиясын орындап отыр деуге болады. Соның нәтижесінде саяси реформалар топтамасы жүзеге асырылуда.

Жалпы, «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдау нақты бүгінгі таңдағы мәселелерді шешуге үлкен бағдар деуге болады.

Меруерт ҚАЗБЕКОВА,

Қазақстан Республикасы

Мәжілісінің депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар