Жан-жануарлардың саны мен түрі көбейсін деп…

Ақмола облысының 14 миллион гектардан астам аумағында неше түрлі жабайы жануарлар мекендейді.

Атап айтқанда, тұяқты жануарлардың 6 түрі (бұлан, бұғы, қабан, елік, киік, арқар) және басқа да сүтқоректілер мен құстар тұрақты табиғи еркіндік жағдайында мекендейді.
Жабайы жануарлар санын арттыру және сақтау, олардың мекен етуіне қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ, аң аулауды тиісті тәртіпке келтіру үшін аңшылық шаруашылығының субъектілерінде 666 адамнан тұратын қорықшылық қызмет құрылды. Әрбір қорықшыға қорықшылық учаскесі бекітіліп берілді, оның аумағы аңшылық шаруашылығының санатымен белгіленген. Қорықшылық қызмет алға қойған міндеттерді орындау үшін 779 көлік құрылғысымен, соның ішінде 450 автомашинамен, 11 мотоциклмен, 49 трактормен, 198 қарда жүргішпен, 26 бас жылқымен, 45 басқа да (қайықтар, АН-2 ұшағы және т.б.) көлікпен қамтамасыз етілген.
Браконьерлікпен күресті күшейту және жануарларды қорғау мақсатында Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инспекторлық құрамы, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды жүзеге асырады.
Алайда, барлық шараларды қолданғанмен, браконьерлік фактілер де орын алуда. Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары 2020 жылдың 8 айы ішінде аң аулау және балық аулау қағидаларының 310-нан астам бұзушылығын анықтады. Осыған байланысты 4 миллион теңге сомасында айыппұл салынды. 11 заңсыз аң аулау фактісі анықталды. Оның барысында заңсыз 4 елік, 3 қабан, 1 қасқыр алынған. Жануарлар дүниесіне келтірілген залал сомасы 7 миллион теңгеден астам. 2 миллион теңгеден астам айыппұл алдыңғы жылдың талаптары бойынша өтелді. Инспекция келтірілген залалды өндіру бойынша жұмыстарды жалғастыра түсуде.

Олжас ҚАРПЫҚОВ,
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар