Пандемия кезеңінде шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шаралары

Мемлекет басшысының 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларына сәйкес, қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі қосымша жұмыс жүргізетін болады. Бұл туралы Агенттік басшысы Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысында хабарлады. Осылайша, Мемлекет басшысы экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ-тың барлық қолданыстағы кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 6 пайызға дейін мемлекеттік субсидиялау арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне қосымша көмек көрсетуді тапсырды. Экономикадағы дағдарысты жағдайларда агенттіктің басым міндеті – ШОБ субъектілерін қаржыландыруға қолдау көрсету және кредиттік ресурстарға қолжетімділіктің төмендеуіне жол бермеу,– деді М.Әбілқасымова. ШОБ субъектілерінің қаржылық орнықтылығы және төлем қабілеттілігі қаржы ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды. Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, төтенше жағдай кезеңінде ШОБ субъектілерініңқарыздар және микрокредиттер бойынша төлемдер мерзімі кейінге қалдырылды.

16 наурыз – 15 маусым аралығында 12 455  ШОБ субъектісінің төлем мерзімі кейінге қалдырылды, бұл қарыз алушылардың жалпы санынан 41,5 пайызды құрайды. Кредиттер бойынша мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер сомасы 164,8 миллиард теңге болды. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске кредиттер бойынша төлемдерді жеңілдетілген тәртіппен кейінге қалдыру не оларды қайта құрылымдау түрінде қолдау көрсету жалғасуда. Ағымдағы жылғы 16 маусым – 1 қыркүйек аралығында 25 млрд теңге сомаға 3,3 мыңнан жоғары қарыз бойынша мерзімін кейінге қалдыру мақұлданды, 669 қарыз алушының кредиттері қайта қаржыландырылды. Барлығы 2020 жылғы 1 шілдеде шамамен 30 мың ШОБ субъектісінің 3,9 трлн теңге сомаға екінші деңгейдегі банктерде кредиттері бар.Оның ішінде 11 мыңға жуық субъект жеңілдік талаптарымен кредиттер алды. Мысалы, ШОБ субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы аясында айналым капиталын толықтыруға 387 млрд теңге сомаға 3 308 қарыз берілді. Қалған қарыз алушылар «Қарапайым заттар экономикасы» және Бизнестің жол картасы-2025 бағдарламаларымен қамтылған.

Агенттіктің бағалауы бойынша, 12,5 мыңға жуық қарыз алушы төтенше жағдай мен карантин шараларын енгізуден зардап шеккен экономика салаларында қызметін жүзеге асырады. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Агенттік Үкіметпен бірлесіп экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ-тың барлық қолданыстағы кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 6 пайызға дейін мемлекеттік субсидиялауды қамтамасыз ететін болады. Субсидиялау ТЖ режимі жарияланған сәттен бастап, яғни ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап 12 ай кезеңге берілетін болады. Бүгінгі күні ШОБ субъектілерінің кредиттері бойынша орташа мөлшерлеме шамамен 15%-ды құрайды, қарыз алушыларды көбірек қамтуды қамтамасыз ету үшін субсидияланатын кредиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемені кемінде 20 пайызға мөлшерінде белгілеу ұсынылады. Бұл ретте субсидиялау мөлшерлемесі орташа есеппен 9 пайызға дейін болады. Іс-қимылдың нақты тетігі пысықталуда.

Коронавирус пандемиясы аясында іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі жағдайында Агенттік қазақстандық бизнеске кредит берудің төмендеуіне жол бермеу үшін банктерді ерекше пруденциялық реттеудің уақытша шараларын қабылдады. Атап айтқанда, капитал мен өтімділікті есептеуге қойылатын талаптар уақытша бәсеңдетілді, бұл капиталдың бір бөлігі мен өтімділікті босату арқылы банктердің кредиттік белсенділігін ынталандырады. Осы шараның нәтижесінде банктер капиталының қосымша босатылуы 468 миллиард теңгеге бағаланып отыр, ал 1,767 триллион теңгеге ЕДБ өтімділігіне қысымның төмендеуі күтіледі.

Сонымен бірге ҚР Ұлттық Банкі Агенттікпен бірлесіп басым жобаларды кредиттеу үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыруда. Оның бюджеті 600 млрд теңгеден 1 триллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Осы бағдарлама аясында салаларды қамту кеңейтілді, кредиттер жылдық 6 пайыз мөлшерлемемен беріледі. Банктік қарыз бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесінен 9 пайызға дейін субсидиялау көзделген. Кепіл мүлкінің жетіспейтін бөлігіне кредитті кепілдендіру құралы енгізілді. Бүгінгі күні жалпы сомасы 267 миллиард теңгеге 536 қарыз берілді.

БАҚ өкілдері толық ақпаратты мына телефон арқылы алуларына болады:

+7 (727) 2 788 104, ішкі 5602

e-mail: PRESS@finreg.kz

www.finreg.kz

 Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына жедел желі телефондарына хабарласыңыздар:

+7 (727) 2788 144 и +7 (727) 2788 122

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар