Мемлекеттік қызмет жаңа сапалы деңгейге көтеріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешімдер қабылдау мен олардың орындалуы үшін жауапкершілік жүйесіне қатысты тәсілдерді өзгерту қажеттігіне ерекше мән беріліп отырғаны жауапкершілікті арттырады.

Бұл тапсырманы жүзеге асыру ашықтықты қамтамасыз етуге және азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған жұмыс форматының өзгеруіне қол жеткізеді.
Сонымен қатар, Жолдауда мемлекеттік аппаратты кәсіби деңгейі жоғары, жаңа көзқарастар мен бастамаларға ие кадр-лармен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударылды. Мемлекеттік аппаратты бәсекеге қабілетті мамандармен жасақтау Агенттіктің көздеген басты мақсаттарының бірі. Мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімі жылдан-жылға жетілдіріліп, заман талабына сай өз ісіне адал, құзыретті, жауапты тұлғалардың мемлекеттік қызметте ілгерілеуіне жол ашылды. Кәсіби және тиімді мемлекеттік қызмет жүйесі мен бірыңғай кадрлық саясатты қалыптастырудың өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық база құрылды. Дегенмен, қазіргі сын-тегеуріндерге толы заманда ұйымшыл, мобильді, күрделі міндеттерді шеше білетін мамандарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту бағытында тындырар іс мол.
Мемлекет басшысы жыл соңына дейін халық арасында қолданылатын анықтамалар мен қағаз түріндегі растаушы құжаттарды жойып, ақпаратты цифрлық түрде растауды қамтамасыз етуді тапсырды. Халықтың электронды сервистермен байланысын жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтер деңгейінде және жеке бизнесте биометрияны кеңінен қолданған жөн деп атап өтті. Жыл басынан бері облыс аумағында электронды түрде көрсетілген қызметтердің мөлшері 93,4 пайызға жетті. Жолдауда атап көрсетілген тапсырмалардың орындалуы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Өз сөзінде Президент түбегейлі реформаларды жүргізу тұтастай мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта қарауды талап ететінін, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет жүйесіне жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті. Осы орайда қабылданатын барлық шаралар әлем тынысы жылдам өзгеріп тұрған бүгінгідей жағдайда мемлекеттік аппараттың жұмысын одан әрі ілгерілетіп, шешімдер қабылдау жылдамдығын арттыра түседі. Сөйтіп, мемлекеттің негізгі шешімдер қабылдап, сол шешімдер үшін қоғам алдында жауапты болуын қамтамасыз етеді.
Жолдауда алдымызға қойылған міндеттердің барлығы өзекті және уақытылы деп есептеймін. Әрі мемлекеттік аппараттың бұл міндеттерді шешуге қауқары бар екендігіне сенімдімін.

Берген БЕСПАЛИНОВ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола
облысы бойынша департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар