Абай мұрасын ұлықтап…

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Нұрсұлтан-Жидебай» бағытында велошеру ұйымдастырылды.  Ұлы мұратты ұстанып жолға шыққан әуесқой спортшылар қатарында ағылшын тілінің оқытушысы-аудармашы Ернат Мэлсұлы, қалалық «Астана ақшамы» газетінің тілшісі, белгілі журналист Дәулетқали Асауов, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Жасұлан Үкеев  те бар.     

Мың шақырымдық жолды велосипедпен жүріп өтуге бел буған шерушілер бір күнде 160 шақырымнан астам жерді жүріп өтіп, Ерейментауға ат басын тіреді. Алдағы уақытта Павлодар, Семей, Бөріліні басып өтіп, Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кешініне жетпекші. Атап өтерлігі, жол бойы ақынның ұлы мұрасын насихаттап, жер-жерде тағылымы мол танымды кездесулер өткізіп, әр өңірдің зиялы қауымымен жүздесу жоспарланған.

Ұлт мұрасын ұлықтап һәм насихаттап жүрген жақсы іске жаны іңкәр жандарды халық та зор қошаметпен қарсы алуда. Себебі, Абайдың сөзі – өсиет, Абайдың сөзі – аманат.

                                                             Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар