Төсбелгі – жемісті еңбектің қайтарымы

Есіл аудандық орталық кітапханасының директоры Алма Омарова «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Марапатты арнайы жұмыс сапарымен келген М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Талғат Ибраев табыс етті.

Интернеттің дамуымен бірге кітап оқуға деген ынта-ықылас азайып кетті десе де, кітапхана қызметкерлерінің белсенділігінің арқасында оқырмандар қатары ортаймай отыр. Аудандық орталық кітапхана қоры үнемі жаңа кітаптармен толығып отырады. Мұнда өз ісін жетік білетін және қызметіне жан-тәнімен берілген адамдар еңбек етеді. Кітапханада заман талабына сай сапалы қызмет көрсетіледі. Түрлі шаралар, оқырмандармен кездесулер, кітап көрмелері ұйымдастырылып тұрады.
Электронды нұсқада қызмет көрсету де жақсы жолға қойылған. Осылардың бәрі шалғай аудандағы кітапхана қызметіне деген сұраныстың жоғары болуына игі ықпалын тигізуде. Аудандық орталық кітапхана директорының жоғары атақ алуы ұжымның қызметіне берілген жақсы баға екені анық.

Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар