ЭКСПО-2017 құрылысына ақмолалықтар да үлес қосады

Кеше «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов облысымызға жұмыс сапарымен келіп, жергілікті кәсіпорындардың Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын салуға қатысуы туралы мәжіліс өткізді. Мәжіліске облыс әкімі Сергей Кулагин, облыстық басқармалар мен ірі кәсіпорындар басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Сапар барысында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сара-йында құрылыс материалдарын шығаратын жергілікті кәсіпорындар ұсынған өнімдердің көрмесін аралап көрді. Онда өңірдегі 20-дан астам тауар өндіруші компаниялар тарапынан ЭКСПО-ға қажетті материалдар мен экологиялық таза өнімдердің барлық дерлік сегменттері ұсынылды. Олардың арасында құм, кірпіш, қазандар, құбырлар, металл құрылымдары, өрт сөндіру құралдары, жылыту жүйелері, өлшеу аспаптары, темірбетон, ағаш, гранит және травертин бұйымдар, геотоқыма, тіпті кәдесыйлық сызғыш пен кеңсе тауарлары бар.
Бұдан кейін құрылыс материалдарын шығаратын жергілікті кәсіпорын басшыларының баяндамасын тыңдап, олардың жұмысынан құлағдар болды. Осы орайда, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ақмола облысына келу себебін түсіндіріп өтті.
– Қазақстанның жаңа тарихында нақты мемлекеттік бағдарламалар жаңа жұмыс орындарын ашып, өндірісті ұлғайтуға көмектесті. Бұған мысал ретінде «Бизнестің жол картасы – 2020», «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларын атап өтуге болады. Осынау қиын сәтте отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетіп отырған жоба ретінде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін алуға болады. Сондықтан, біз осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық тапсырыстардың көбін өңірлерде орналастыруға ниеттеніп отырмыз, – деді өз сөзінде Ахметжан Есімов.
Одан әрі облыс әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында «Отандық тауар өндірушілерді Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын салуға қатыстыру туралы» бірқатар меморандумға қол қойылды. ЭКСПО бас мердігерлері ықтимал жабдықтаушылармен болашақтағы бизнес әріптестігін Ынтымақтастық туралы меморандумдар және нақты шарттармен баянды етті. Олардың арасында «АБК Кұрылыс-1» компаниясы мен автоклавты газды бетон блоктарын шығаратын зауыт  «Жаңа Сервис-2007» ЖШС, керамикалық кірпіш шығаратын зауыт «ENKI» ЖШС және  темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт «РегионСтрой» ЖШС-мен үш ірі келісімшарт жасады.
Жалпы, кездесу аясында бірлесіп жұмыс істеу жөнінде 11 меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, АФФ «Mabco construction s.a.» компаниясы және құрылыс материалдарын шығаратын облыстың ең ірі бес кәсіпорны қатарына кіретін «Тыныс» АҚ өзара әрекеттесу туралы келісімшарт жасады.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар