Жарқайыңда құрылыс қанат жаюда

Қазақстан Республи-касының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күні кешегі Жолдауында ел тұрғындарының әл-ауқатына басты басымдық берілетінін тағы да қайталап айтты. Бұл ең алдымен, бас-пана мәселесіне тікелей байланысты.

Президент айтқандай, «Жаңа жағдайдағы іс-қимыл кезеңін» жарқайыңдықтар жақсы үрдіспен бастап отырғаны байқалады. Соңғы 13 жылда аудан орталығы Державинск қаласының М.Ғабдуллин және Юбилейный көшелерінде 56 пәтерлік үш тұрғын үй пайдалануға берілсе, «Молодежный» шағын ауданында ғана 75 пәтерлік көпқабатты жеті үйдің кілттері табыс етілді. Таратыңқырап айтсақ, мұндағы 46 пәтерге жетім жандар, 48-іне мүгедектер, 13-іне көп балалы отбасылар, 232 пәтерге жас мамандар мен мемлекеттік қызметкерлер қоныстанған. Сондай-ақ, арнайы комиссия 38 пәтерді аудандық орталық аурухананың дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлерге бөлсе, 19 пәтерді қызметттік баспана ретінде аталған медицина мекемесінің балансына беріп отыр. Бұл кадр саясатын шешудегі оң қадам болып табылады.
Қазіргі күні қаладағы 80 пәтерлік үйдің қайта құрылысы қолға алынды. Бұған қоса, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде, 2700 шаршы метрлік, 60 пәтерлік тұрғын үйді жаңғырту құрылысы жүріп жатыр.
–Ғимарат құрылысының жобалық құны 265,8 миллион теңгені құрайды. Мұнда 10 бір бөлмелік, 40 екі бөлмелік және 10 үш бөлмелік пәтерлер болады деп жоспарланған. Құрылыс қарқыны ойдағыдай. Тұрғын үйдің шатыры жабылып, ішкі әрлендіру жұмыстары атқарылуда. Тұрмысқа қолайлы жағдайлардың барлығы қарастырылған. Абаттандыру, инженерлік коммуникациялар тарту кестеге сай атқарылатын болады. Мұнда 25 адам тұрақты жұмысқа тартылған,–дейді «Алюминстрой» мердігер компаниясының бас директоры Абай Мұқанов.
Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар