Сервистік әкімдік ашылды

Аудан орталығы Державинск қаласында Сервистік әкімдіктің ашылуы болып өтті. Шараға аудан әкімі Мұрат Балпан мен Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин қатысты.

Бұл – облыс аудандары бойынша ашылған ең соңғы сервистік әкімдік. Қазір халықтық жоба болып табылатын мұндай сервистік әкімдіктер жер-жерде бар.
Мемлекеттік орган жұмысының жаңа моделі халыққа «бір терезе қағидаты» бойынша әлеуметтік маңызды мәселелерде мемлекеттік қызметтермен кеңес беруге және көмек алуға мүмкіндік береді. Бұл – мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттар жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейді.
– Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында департамент мемлекеттік органдардың қызметінде сервистік форматты енгізуді белсенді іске асыруда. Бұл Сервистік әкімдіктің ашылуымен осы форматқа көшу тәжірибесін аудандық деңгейде тарату аяқталуда. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар жұмысында қолжетімділік, ашықтық, тұтынушыға бағдарлану және есептілік мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Осы орайда, аталған қағидаттарды қамтамасыз ету үшін осындай тәжірибе алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – деді Арман Бердалин өз сөзінде.
Сондай-ақ, шара барысында өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшылығы жергілікті атқарушы органдардың аудандық құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өткізді.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар