Жақсы сөз бен ән – көңіл ажары

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы қыркүйек айының басында облыс тұрғындары арасында «Тіл – ұлттың тұғыры» тақырыбында мемлекеттік тіл туралы өлеңге ән жазу онлайн конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты қоғамдық өмірдегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейте түсіп, мемлекеттік тілге деген сұранысты арттыру және мемлекеттік тіл туралы жазылған өлеңдерге қазақ, орыс және басқа тілдерде ән жазу болып табылады.
Конкурстың қазылар алқасына Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның белді әншісі Мереке Бекмағамбетов төрағалық етті. Ал, Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінің хорға дирижерлік ету бөлімінің меңгерушісі Асылтас Тасымова, Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің музыкалық пәндер оқытушысы Нұргүл Нұрмышева қазылар алқасының мүшелері болып, конкурсқа қатысушыларға әділ баға беруге атсалысты.
Конкурс ережесіне сәйкес барлығы 8 өтінім келіп түсті. Конкурсқа ұсынылған осы материалдармен танысып, оларды талдай келе, қазылар алқасы бірінші орынға Нұр-Сұлтан қаласындағы оқушылар сарайының вокал бөлімінің жетекшісі Кентау Назарбек лайық деп тапты. Ал, екінші орынды облыс орталығының іргесіндегі Краснояр ауылы «Көкше» мәдениет үйі директорының орынбасары Есімжан Жапаров, үшінші орынды Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасенов еншіледі.
Сондай-ақ, қазылар алқасының ұйғарымымен Асылжан Пірбергенов, Сайлау Жылқыбаев, Жансейіт Түкібаев, Николай Швец, Болат Мұсағожин кәдесыйлықтармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар