Коронавирус қайнаған ыстық суда жойылады

Ресей ғалымдары коронавирустың судағы белсенділігі қанша уақытта жойылатынын анықтаған. Роспотребнадзордың «Вектор» орталығында жүргізілген зерттеу нәтижесі осыны нақты көрсетіп берді.

Коронавирустың барлық дерлік бөлшегі 90 пайыз бөлме температурасындағы суда 24 сағат, ал 99,9 пайызы 72 сағаттың ішінде өледі екен. Мамандар хлорсыз суда және теңіз суында вирус көбеймейтінін, бірақ, өміршеңдігін сақтайтынын анықтады. Коронавирус белсенділігінің жойылу уақыты су температурасына тәуелді. Қайнаған ыстық суда және хлорланған суда вирус жойылады.
COVID-19 індеті жайлы әлемдегі және Қазақстандағы ақпараттарды шолып көрсек, әлемде COVID-19 коронавирусы 23,8 миллион адамға жұққан. Қайтыс болғандар 817 мыңнан асты. 15,4 миллионнан астам адам жазылып шыққан.
Осы аты жаман аурудан сақтану үшін бүгінде санитарлық режимді сақтау баршамыздың міндетіміз. Әдеттегідей суды көбірек ішіп, маска тағып, антисептик пайдалануды ұмытпайық.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар