Өсімдік майын шығаратын жаңа зауыт салынуда

Макинск қаласында қазіргі заманғы озық технология бойынша тәулігіне 600 тонна өсімдік майын өндіретін жаңа зауыт құрылысы басталды.

Жобаны «Бота-2015» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып отыр. Қазіргі кезде ғимараттың қабырғалары тұрғызылып, қойманың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Осы заманғы қондырғылармен жабдықталған зауытта майлы дақылдарды өңдеп, таяу шетел нарығына экспорттау жоспарланған.
Жобаның құны 4,2 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорынның ашылуы жергілікті 30 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Еліміз бойынша осы тектес зауыт Алматы қаласында ғана бар. Мұндай өндіріс орындарын салу – құр шикізат экспортына қарағанда, тереңдетіле өңделген, құны жоғары өнім экспортына өтуге мүмкіндік береді.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар