Үлескерлер көптен күткен пәтерлеріне ие болды

Елорданың іргесіндегі Қосшы ауылында 70 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Баспаналы болғандардың басым көпшілігі «Әль Баракат компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен зардап шеккен үлескерлер, яғни, жас отбасылар мен көп балалы аналар, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар.

«Әль Баракат компаниясы» серіктестігі Қосшы кентінде тұрғын үй салу мақсатында екінші нарықтан 15 гектар жер телімін сатып алған. Компания 2014 жылы үлескерлерден алдау арқылы, яғни, тұрғын үй жобасы мен құрылысы үшін рұқсат құжатынсыз ақша жинаған. Кейін 2015 жылы ақпан және шілде айлары аралығында «Құрылтай» тұрғын үй кешенінің 400 инвесторын құрайтын бастамашылық топ жергілікті атқарушы органдарға жүгініп, аталмыш үйді салуға рұқсат алуға көмектесуді сұрады. Өйткені, бұлардың көбі осы тұрғын үйдің құрылысы үшін қыруар қаржы жұмсаған.
Мердігерлердің арамза әрекетінен зардап шеккен Қосшы кентіндегі «Жайлау» тұрғын үй кешенінің үлескерлері аталмыш үйдің құрылысын аяқтау үшін «Жайлау city» тұрғын үй құрылыс кооперативін құрған. Ақмола облысының мамандандырылған экономикалық сотының шешімімен жер телімі «Әль Баракат компаниясы» серіктестігінің әрекетінен алданып қалған тұрғын үй құрылыс кооперативтеріне берілді. Жергілікті атқарушы органдар «Табыс-Кұрылтай» және «Жайлау city» тұрғын үй құрылыс кооперативтерінің жер теліміне заңды иелік ететін құжаттарын рәсімдеді. Облыс және аудан әкімдігі тарапынан жеке тұрғын үй құрылысының бас жоспары көп қабатты тұрғын үй салу үшін өзгертілді.
Жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен тұрғын үй құрылыс кооперативі және «ТұрғынҮйҚұрылыс» серіктестігі (аталмыш серіктестіктердің басшылары «Жайлау city» тұрғын үй құрылыс кооперативінің үлескері болып табылады) құрылыстың 7-ші секциясын аяқтады. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы шеңберінде екі нысанды инженерлік желімен қамтамасыз ету үшін бюджет есебінен қаржы бөлініп, 0,884 шақырым су құбыры, 0,722 шақырым кәріз және 2×1826 метр сыртқы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды.
Жаңа пәтердің кілтін тапсыру салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мәлгаждар Тәткеев, аудан басшылары мен тұрғындары қатысты.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар