Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы партия ішілік іріктеу өткізу аясында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының https://primaries.kz/ сайтында жарияланғандығын хабарлайды.

Бұл сайлауалды бағдарлама алдағы бес жылға партияның алдына қойған мақсаттары және міндеттерімен танысу үшін жұртшылықтың талқылауына ұсынылған.
Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, бағдарламаны кең талқылап, пысықтауға мүмкіндік береді. Бастауыш партия ұйымдарымен кездесу кезінде өзекті, жергілікті мәселелерді анықтайтын болады, осылайша олар партияның сайлауалды бағдарламасына қамтылатын болады.
Егер сіз біздің облысымыздың тағдырына бейжай қарамасаңыз және оны жақсартқыңыз келсе, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасын талқылауға және ұсыныстар енгізуге шақырамыз. Ұсыныстар мен пікірлеріңізді «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалына жібере аласыз немесе Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 117 мекен-жайы бойынша жеке келуіңізге болады.
Байланыс телефоны: 25-63-93, 72-24-61.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар