Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау басталды

Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясы тағайындалатын үміткерлерге Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар, келесі өлшемдерге сәйкес келетін студенттер жатады:

– Ақмола облысында кадрлық тапшылықты құрайтын мамандықтарда оқитындар;
– халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар;
– жастар ұйымдарының құрамына кіретін мүшелері мен белсенділері;
– шығармашылық және мәдениет саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендер (халықаралық шығармашылық конкурстарда жүлделі орындар және т.б.);
– Ақмола облысының атынан қатысып, әртүрлі спорт түрлерінен жоғарғы нәтижелерге жеткендер (Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен Олимпиадалық ойын түрлері бойынша халықаралық чемпионаттардан орын алған немесе Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша халықаралық чемпионаттардан жүлделі орындар алған).
Құжаттар 2020 жылдың 14 қыркүйегінен 14-ші қазанына дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысуға өтінім беруге, сондай-ақ, Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау шарттарымен және сұранысқа ие мамандықтар тізбесімен мына сайттан танысуға болады https://egov.kz/wps/myportal/Esedo.
Қосымша ақпарат алу үшін 40-12-29,
40-12-07, 40-12-09, 40-12-31 телефондарына хабарласуға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар