Жайылым мен шабындық жерлер тиімді пайдаланылуы тиіс

Жайылым мен  шабындық жерлер тиімді пайдаланылуы тиіс

Уақыт үнемі қозғалыста. Қазіргі күнгі карантиндік шаралардың біршама жеңілдетілуі кәсіпкерлер мен шаруалардың жұмысындағы кейбір өзекті мәселелерді күн тәртібіне өткір қоюда. Бұл көптен бері айтылып келе жатқан жайылымдық және шабындық жерлердің жеткіліксіздігіне байланысты мәселе болып отыр.

Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовтың қатысуымен онлайн түрінде өткізілген кәсіпкерлер палатасы өңірлік ұйымы мәжілісінің жұмысына айрықша маңыз артылғанын айтқымыз келеді. Басқосу барысында кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңес мүшелері мен бизнес құрылымдарының өкілдері мал жаятын жерлердің тапшылығы, мал азығын дайындау кезіндегі қиындықтар және шаруалардың өкілетті органдармен өзара байланысындағы түсінбестік туралы кеңінен сөз болды.Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовтың қатысуымен онлайн түрінде өткізілген кәсіпкерлер палатасы өңірлік ұйымы мәжілісінің жұмысына айрықша маңыз артылғанын айтқымыз келеді. Басқосу барысында кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңес мүшелері мен бизнес құрылымдарының өкілдері мал жаятын жерлердің тапшылығы, мал азығын дайындау кезіндегі қиындықтар және шаруалардың өкілетті органдармен өзара байланысындағы түсінбестік туралы кеңінен сөз болды.Үстіміздегі жылдың наурыз айында ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің, шаруа қожалықтарының және жеке кәсіпкерлердің өкілдері өңірлік кәсіпкерлік аалатасына жер қатынастарындағы келеңсіздіктер туралы шағымданған болатын. Әйткенмен, елімізде төтенше жағдай жариялануына, карантиндік шектеулердің күшейтілуіне байланысты бұл мәселе қозғаусыз қалған болатын. Соған қарамастан, палата сарапшылары кезек күттірмейтін шаралардың уақыт ағымынан кеш қалмауына қатысты шаралар  қолдану жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар жасаумен болды.Бұл қадамдар азды-көпті қайтарымын бергендей. Жергілікті және өкілетті органдардың араласуымен өз ісіне жа-уапсыз қараған кісілермен келісім шарттар бұзылып, 900 мың гектар жер өндірістік айналымға қосылған.Ал, шаруашылық құрылымдары көтеріп отырған мәселелерге қайта келсек, олар жердің тиімсіз пайдаланылатыны, әсіресе, жайылымдық алқаптардың қараусыз, күтімсіз қалатыны, бұған іскер адамдардың қолы жете бермейтіні туралы нақты негізделген сұрақтар көтергенін айтуымыз керек. Қалыптасқан жағдайға тереңірек қарасақ, жайылымдық және шабындық жерлерге қатысты мәселелер түбегейлі реттелмеген, жайылымдағы әрбір малға тиесілі телім де есепке алынбайды. Бұған қоса, кейбір жайылымдық жер иелері мал басын көбейту ісімен айналыспайтыны, тіпті, оның өз мақсатында қолданылмайтыны қынжылыс тудыратыны жасырын емес. Мәжілісте мынадай мысал келтірілді. Ақкөл ауданындағы шаруа қожалығының жетекшісі Ұлан Бекқожиннің меншігінде 200 бас ірі қара бар. Ол мал табынын өсіру мақсатында, жергілікті әкімдіктің қолдау көрсететіндігі туралы алдын ала уәдесін арқаланып, «Сыбаға» бағдарламасымен несие қаражатын алған. Бірақ, қожалықтың әлі күнге жайылымдық жері жоқ, малды иесіз немесе кез-келген бос жерге жасырынып жаюға мәжбүр болуда екен. Ал, Ұ.Бекқожиннің арыз-өтініштеріне жергілікті атқарушы орган «ауданда бұл мақсаттағы бос жер жоқ» деген жауап жолдаумен шектелуде. Онлайн мәжілісте осы тақылеттес қынжылыстар барлық аудандардан дерлік айтылып жатты.–Біздің қолымыздағы деректер бүгінгі күні облыста бір жарым миллион гектардай жер пайдаланылмайтынын көрсетеді,–деді өңірлік кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Расул Сыздықов. Анығырақ айтсақ, облыс аумағында 380 мың гектар егістік алқабы мен 1 миллион гектардан астам жайылымдық жер бос жатыр. Ендеше, бұл байлықтарды неге айналымға қоспасқа деген заңды сұрақ туындайды? Бұл сұрақтарға жауап берген облыстық салалық ведомстволардың басшылары тиімсіз пайдаланылған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтарып алу мерзімі туралы заңнама жобасы қаралу және талқылану үстінде, мұндай жер телімдері сот шешімдері арқылы алынатындықтан көп уақыт жұмсалады деген уәж келтірді. Бұған, әрине, фермерлер қанағаттанып, көңілі толды дей алмасақ керек.Біз кәсіпкерлік палатасы кеңесінің мүшесі, «Регистр» компаниясының директоры Арман Тұрлыбековтен мәселенің жай-жапсарына түсінік беруді өтіндік.– Фермерлерді алаңдататын сұрақтардың 90 пайызы, менің пайымдауымша, жақын арада шешімін табуы неғайбыл,–деді ол.– Қазіргі қалыптасқан жағдайда бұлардың біршамасы қанағаттандырылатын болар, әйткенмен, бұл бір жылдың еншісінде емес. Аталған іске әкімдер мүдделі болуы керек, жергілікті халықпен байланыс артқанда белсенділік те күшейеді. Жарыссөздегі пікірлерді қорытындылай келіп мәжіліс «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасына жайылымдық жерлерде жеке адамдардың шаруа қожалықтарының, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мал жаю нормасы мен заңдық жүктемелерін, жалпы жайылымдық жерлерге қатысты мәселелерді реттеу туралы ұсыныстар жолдауға шешім қабылдап, бұған Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарын аудару қажеттігін атап көрсетті.Аудандар мен қалалар әкімдеріне жерді жалға беру конкурстарын ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыру және шағым иелеріне шаруа қожалықтарын, ауыл шаруашылығы өндірісін құру мақсатында жер телімдерін бөлуге қатысты түсінік шараларын жандандыру туралы ұсыныс айтылды. Бақберген Амалбек,«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *