Онлайн өмір немесе оңашадағы ой

Құралайдың оянғаны сол еді, бірден телефонын іздей бастады. «Жұрт түнімен көз ілмейтін тәрізді» деді ақырын күбірлеп. Таңнан тілге тиек еткен алғашқы сөзі де телефонмен байланысты. Былайша айтқанда «бісмилләсі». Жүзге жуық хат келген. Оразасын ашпас-тан алдымен соларды оқуға кірісті. Орнынан тұрып, жуынатын бөлмеге де телефонын ала кірді. Тісін тазалап тұрып, телефоннан көз алмады. Жуынды, киінді, тіске басарды қолына алып диванға жайғасты. Үйдегілер де оянған екен. Бірақ, олар да үнсіз, олар да телефонға телмірген…Құралайдың оянғаны сол еді, бірден телефонын іздей бастады. «Жұрт түнімен көз ілмейтін тәрізді» деді ақырын күбірлеп. Таңнан тілге тиек еткен алғашқы сөзі де телефонмен байланысты. Былайша айтқанда «бісмилләсі». Жүзге жуық хат келген. Оразасын ашпас-тан алдымен соларды оқуға кірісті. Орнынан тұрып, жуынатын бөлмеге де телефонын ала кірді. Тісін тазалап тұрып, телефоннан көз алмады. Жуынды, киінді, тіске басарды қолына алып диванға жайғасты. Үйдегілер де оянған екен. Бірақ, олар да үнсіз, олар да телефонға телмірген…Бұрнағы жылдары әлемдегі әрбір екінші адам әлеуметтік желіге тәуелді десек, қазіргі таңда еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін ғаламторға байланған.  Онлайн дүкен, онлайн кездесу, онлайн оқу, онлайн отырыс… Құралай да уақыттың қалай өткенін байқамай қалды. Жүздеген смс хабардың ішінен балалар бөлмесінде отырған қызынан келген хатты да аңғармаған екен. «Анашым, пиццаға тапсырыс бердім. Әкелді. Мен тойып жедім. Сен де тамақтанып ал». Толған «смайлик». Диваннан ауыр қозғалып, ас үйге барды. Тамақтана отырып, тағы да телефонға телмірді. Карантин туралы кино көрді. Ол да бір көңілсіз кино. «Режиссер бүгінгі күнді бейнелеген екен» деді өзді-өзінен күбірлеп. Мылқау тыныштық. Тық-тық еткен сағат тілі ғана уақыттың тұрлаусыз, мына бейопа тірліктің тоқтаусыз өтіп жатқандығынан хабардар еткендей. Сәт сайын сыңғыр етіп смс келгенін хабардар еткен телефон да дегбірін қашырғандай. Тағы да смс келді. Бұл жолы кластас құрбысы Әлиядан. – Сәлем. Қалайсың? Дүкенде акция боп жатыр. Көйлек сатып алдым. – О, ссылкасын жіберші. Сәлем, сәлем. Бәрі «норм». «Бүлк» етіп тағы бір смс келді. Бірақ, ол «былқ» етпеді. Ештеңе оқығысы келмеді. Әлия жіберген ссылка бойынша дүкеннің сайтына кірді. Былайша дүкен аралады. Ол да онлайн. Түкке қызықпады. Шай ішілді. Пиццаны жеп тауысты. Жуынатын үйге кіргенде де қолында телефон.  Оны тастап кетсе қорқыныш үрей пайда болатын сияқты. Бейне бір белгісіз әлеммен жіпсіз байланыстырып қойғандай. Ол әлемде достары бар, туғандары да сонда, жұмыс, жалпы тіршілік қайнап жатыр.  Ал мынау әлемді, өзі өмір сүріп жатқан өмірді, телефонсыз елестете де алмайды.Жуынатын бөлмеден шығып, тағы да телефонға қарады. «Бүлк-бүлк» етіп бірінен соң бірі смстар келіп жатыр. Көз салып қараған болды, басым көпшілігі Әлиядан. Сөйтсе көбі фотолар екен. Ашып қарағаны сол еді, балалық шағы көз алдында кинолентадай тізбектеліп, сағыныш жүрегін керней жөнелді. Басында ақ бантигі желбіреп, қолына үш тал гүл ұстап, жүзі бал-бұл жайнап күлімдеп тұрған кішкентай қызды, яғни, өзін жазбай таныды. Тағы бір суретте әкесі мен анасының мойнынан қапсыра құшақтап тұр. Енді бір суретте Әлия құрбысымен балмұздақ жеп тұрған сәті бейнеленген. Өзді-өзінен жылай бастады. Бәлкім балалық шағы есіне түсіп, әкесі мен анасының жарқын бейнесін сағынған болар. Мен қандай анамын деген ой мазалай бастады. Өз анасы қандай еді, шіркін. Таңнан тұрғанда үйдің ішіндегі атмосфера, ас үйден дәмі бұрқырап шығатын таңғы астың сиқырлы иісін айтсаңызшы. «Айналайын, ботам» дейтін анасының жылы сөзі, шексіз мейірімі күні бүгінгідей есінде. Ойлап отырса, Құралай өз қызын еркелетпейді, күні-түні телефонға телміріп отырып, өмірдегі ең басты құндылығы баласына аса мән бере бермейді де екен. «Адами қарым-қатынастан қалып бара жатқандаймыз. Төрткүл дүние дүбірін телефонға телміріп-ақ, ғаламтор арқылы бақылауға дағдыланып, даңғаза тірліктің жетегінде жүріп, «онлайн» өмір сүріп жатырмыз-ау. Бәрі дұрыс-ақ! Алайда, бұл ғұмырды мәңгілік тұраққа тели алмайтынымызды ескерсек, онлайн өмірдің де түбі опа бермейтіні рас». Сөйтті де ас үйге кіріп қызына арнап ас қамдамақ болды. Әдетінше телефоннан дәмді тағамның «рецебін» іздей бастап еді, есіне анасының өз қолымен жазып қалдырған қойын дәптерінде неше түрлі дәмді тағамдардың дайындалу тәсілі жазылған жазбалар бары ойына түсті. Дереу сол дәптерден қарап, анасының «рецебі» бойынша дәмді бәліш пен бауырсақ пісіруге кірісті. Ас үйден тіл үйіртер дәмнің сиқырлы иісі бұрқырай жөнелді. Күні бойы телефонға телмірген қызы «Анашым бүгін бізде қандай мереке?» деп бөлмесінен шығып, анасын қапсыра құшақтады. «Айналайын ботам, өмірдің өзі мереке». Бұл оның сол күні адаммен тілдесіп айтқан алғашқы сөзі. Болған жағдайдың барлығы да «онлайн» еді…Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар