Сүт бұлағын молайтады

Сүт бұлағын молайтады

Бозайғыр ауылында «Milk Product» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заманауи тауарлы-сүт фермасы ашылды.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, 500 бас ірі қараға арналған фермаға Еуропадан симментал сиырлары жеткізілген. Жақында ферма толық қуатына шықпақшы. Бұл инвестициялық жоба Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуін ұлғайту мақсатында «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Жақында аталмыш серіктестік Зеренді ауданының Симферополь ауылындағы сүт фермасына Голландиядан 99 бас голштин сиырларын сатып алған болатын. Осылайша жергілікті кәсіпкерлер ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандырып, өңірдің экспорттық әлеуетін арттырмақшы. Бұл үшін елімізде 2022 жылы ет өндірісін 120 мың тоннаға, сүт өндірісін 200 мың тоннаға жеткізу міндеті қойылып отыр.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Шортанды ауданы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *