Тұмауға қарсы екпе егу басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина коронавирус пандемиясы жағдайында маусымдық тұмаудың алдын алу және вакцинация шаралары туралы айтып берді.

–Күз мезгілімен бірге тұмау маусымы да басталады. Жыл сайын облыста тұмау мен жедел респираторлық вирустық жұқпасының эпидемиологиялық кезеңінде аурудың 25 мың дерегі тіркеледі. Өткен эпидемиологиялық кезеңде жедел респираторлық вирустық жұқпаның 21 мың дерегі және тұмаудың 84 дерегі тіркелген болатын. Осы ретте, тұмауға қарсы арнайы профилактика бар, – деген департамент басшысы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе егу басталатынын айтты.
Вакцинация жүргізу үшін медициналық ұйымдар мен облыстық бюджет қаражатына 81 мың доза ресейлік «Гриппол+» екпесі сатып алынған. Бұл халықтың 11 процентіне епке жасауға жеткілікті. Осылайша, ол иммундық қабат түзеуге мүмкіндік береді деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммундық қабат түзеу үшін тұрғындардың 10 процентін вакцинациялауға кеңес береді.
Медициналық мекемелердегі екпе жасау кабинеттері вакцинация жүргізуге дайын. Айнагүл Мусинаның айтуынша, бірінші кезекте екпе медицина қызметкерлеріне, диспансерлік есепте тұрған балаларға, алты айдан асқан, жиі ауыратын сәбилерге, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, қарттар үйінің тұрғындарына, жүкті әйелдерге, жүректің және тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар науқастарға тегін жасалады.
Брифинг барысында бас санитарлық дәрігер тұмау қаупі күшейген кезеңде жеке бас гигиенасын сақтап, адам көп жиналатын орындарға бармауға, құрамында С дәрумені бар тағамдарды тұтынуға кеңес берді. Егер, дене қызуы көтерілу, түшкіру секілді тұмаудың алғашқы белгілері пайда болса, үйде емделмей, міндетті түрде медициналық мекемелердегі арнайы фильтр кабинеттеріне барып көріну қажеттігін айтты.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар