Мектеп ғимараты жөнделді

Державинск қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Н.К.Крупская атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Осы бағытта республикалық бюджеттен 288 миллион теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарын «АСАТ-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алды. Электр желілерін монтаждау, су құбыры, кәріз, шатырды, есікті ауыстыру және жөндеу, терезе жақтауларын ауыстыру, сылау-сырлау тәрізді жұмыстар орындалды. Бұл мектептің ғимараты 1961 жылы қаланған.
Содан бері бірде-бір рет нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Жалпы, ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 7 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның үшеуі білім беру нысандарына тиесілі.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар