«Оқжетпес» ерлеп тұр!

Көкшетаудың  «Оқжетпесі» Премьер-лиганың соңғы турларында ерлеп тұр! Жерлестеріміз өткен сенбі күні Талдықорғанда «Жетісуды» 0:3 есебімен тізе бүктірсе, мұның алдындағы турда да сырт алаңда соңғы бес минутта үш гол соғып, «Таразбен» тең түскен еді.

 

Бұл жолғы ойын да көкше-таулықтардың анау-мынау командаға беріспейтін бекемдігін көрсетті. Күні бұрынғы жорамал «Жетісудың» пайдасына болғанымен, оқжетпестіктер шебер ойын өрнегімен ондай болжамды жоққа шығарды. Сөйтіп, команда капитаны, шабуылшы Әлібек Бөлешевтің 39-шы минутта соққан бір добы, ойынның екінші кезеңінде алаңға шыққан Лука Ротковичтің
75-ші және 90-шы минуттардағы екі добымен алаң иелеріне сан соқтырды.  
Осылайша  сырт алаңның өзінде ірі есеппен жеңіске жеткен «Оқжетпес» ұпай саны жағынан Қостанайдың «Тобылынан» асып түсіп, екінші алтылықта көш бастады. Жалпы турнир кестесінде жетінші орында тұрған жерлестеріміз енді 27 қыркүйек, жексенбі күні өз алаңында дәл осы команданы қабылдайды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар