Нақты істің уақыты келді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауы қазіргі әлемде орын алып отырған күрделі кезеңге байланысты қоғамдағы түйткілді мәселелердің бетін ашты.

Мемлекет басшысы экономикамыз бен шаруашылық салаларындағы олқылықтар мен кемшіліктерді атап көрсетіп, оларды түзеудің мән-жайын анықтап берді. Қоғамда орын алып отырған қылмыс пен заң бұзушылықтарға тоқталып, ішкі құрылымдық реформа керектігін айтты. Мемлекеттік қызметтегілер штат ауқымының тым көптігін тілге тиек етіп, оларды қысқарту арқылы бюджет қаржысын үнемдеуге болатынын ескертті.
Білім саласына ерекше назар аударып, Үкіметке бұл саланың материалдық-техникалық базасын нығайтып, педагогтар жалақысын көбейту жөнінде тапсырма бергені де ұстаздар мерейін көтеріп тастады. Президент жоғары білім саласына да тоқталып, тек диплом берумен шектелетін жоғары оқу орындарын азайту туралы орынды ұсыныс айтты. Сонымен қатар, мемлекеттің ғылым саласына да қамқорлық танытып, оған бөлінетін қаржының үнемі ұлғайып отыратынын жеткізді. Ел болашағы – жас ғалымдарға да көңіл аударып, олардың арасында жаңа жобалар бойынша конкурстардың көбейетінін ескертті. Мұның барлығы білім, ғылым, жоғары оқу саласында жүрген мамандарға ерекше жігер беріп, көңілдерге үміт отын ұялатты.
Сәбит ЖӘМБЕК,
Шоқан Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік
университетінің оқытушысы,
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар