Ұсыныс-пікірлерге құлақ түруде

Праймеризге қатысушылар өздерінің үгіт-насихат жұмыстарының барысында бастауыш партия ұйымдарында кездесу өткізіп, ұсыныстар мен пікірлер жинауда. Бұл кезеңде праймеризге қатысушылар бастауыш ұйымдарда, кәсіпорындарда және өзге де еңбек ұжымдарында партия мүшелерімен кездесіп, оған қоса, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы да онлайн насихат жұмыстарын жүргізуде.

Кездесулердің алғашқы күндерінде 50-ден астам ұсыныс пен пікір келіп түсті.
Ол ұсыныс-пікірлердің ауқымы өте кең екенін атап өткен жөн. Яғни, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына,
ауылда бизнесті дамытуға кепілсіз несие беру, балабақшалар мен шағын орталықтарда қосымша орындар ашу, ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету және тағы басқа мәселелер.
Ақкөл ауданында компьютерлік техниканы уақытша пайдалануға беру мәселесі туындаған. Қашықтықтан оқыту кезеңінде кейбір оқытушылар мен студенттерде компьютерлік техниканың болмауына байланысты бірқатар проблемалар бар.
Атбасар ауданының тұрғындары автобус паркін жаңарту, жалпы, қоғамдық көлік инфрақұрылымын жақсарту қажеттігін атап көрсетуде. Ал, астрахандықтар ауылдық жерлерде тұратын әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету туралы мәселе көтерген.
– Өздеріңіз білетіндей, азаматтардың бұл өтініштері адамдардың партия мүшелеріне сенімінің нақты көрсеткіші. Ағымдағы және болашақтағы іс-әрекеттерін тиімді үйлестіру үшін кандидаттар тұрғындардан ұсыныс-пікірлер жинайды. Ол ұсыныстар жерлестерімізді толғандыратын өзекті мәселелер бойынша кең қоғамдық талқылауға негіз бола алады, – дейді «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржанов.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар