Үлгілі отбасы – мемлекет тірегі

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Көкшетау қаласында тұратын көпбалалы  Пирожковтардың үйінде болып, Отбасы күнімен құттықтап, бағалы сыйлықтар тапсырды.

Бір ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты Андрей мен Олеся Пирожковтар – облысымыздың өнегелі отбасыларының бірі. Қазіргі таңда қыздары мектепте оқып жүрсе, кіші балалары былтыр ғана дүниеге келген екен. Отағасы адал еңбек етіп, отбасын асыраса, жұбайы бала тәрбиесімен айналысады. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов оларға соңғы үлгідегі теледидарды, балғындарға ойыншық, тәтті толы қоржынды, гүл шоқтарын сыйға тартып, шаңырақтарындағы береке-бірліктің мәңгіге арта беруін, денсаулықтарының мықты болып, келешекте осы үйдің ұл-қыздары мемлекетіміздің беделді азаматтары болып өсуін тіледі.
Өз кезегінде отбасы мүшелері де осынау сый-құрметтері үшін шексіз алғыстарын, еліміздің одан әрі өркендей беруіне ниеттес екендіктерін жеткізді.   
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар