Басты байлық – денсаулық

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы Тəуелсіздік алаңында «Денсаулық фестивалі – 2015» акциясы болып өтті.

Шара аясында дəрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, тексеруден өткізді. Акция басталысымен-ақ  айналасы жарты сағаттың ішінде қалалық емхананың терапевт дəрігері Ермек Əлиев он адамды қабылдап үлгерсе, маммографиялық, флюорографиялық тексерістен өткен азаматтар  да көп болды. Оларға дəрігерлік жолдамалар беріліп, ұсыныстар айтылды.  Сондай-ақ, бұл күні Тәуелсіздік алаңына жиналған көпшілік жас спортшылардың өнерлерін тамашаласа, Бұқпа тауының баурайында қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері жүгіруден сайыс ұйымдастырды.

  «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар