Бизнесті қолдау – басты назарда

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев Нұрсұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының және облыстардың кәсіпкерлер палатасындағы өңірлік кеңестермен онлайн режимінде кездесу өткізді.

Кәсіпкерлер карантин мен локдаун салдарына байланысты бизнестің шектеуінен салық салу және санитарлық норманы сақтау бойынша бизнестің ауыртпашылығы тәрізді экономиканың әр саласындағы мәселелер жөнінде айтты. Ақмола облыстық өңірлік кеңесінің құрамы тікелей өткен сайлаудан кейін біршама жаңарғанын атап өту керек. Бұл – кеңес мүшелерімен жаңа сайланған Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысымен бірінші кездесу. Оның барысында олар проблемалық мәселелерді айтып, оның шешу жолдарын ұсынды. Өңірлік кеңестің жаңа сайланған төрағасы Әсен Жақсылықов аграршылар үшін өзекті мәселе болып отырған субсидиялау жөнінде айтты.
–Бағдарлама өңдеуші кәсіпорындарға шикізатты жүйелі тасымалдауды қамтамасыз етуге ықпал етті. Оның тиімділігін анықтау кезінде өңдеуші кәсіпорындар өндірген өнім көрсеткішінің өсіміне, ауыл тұрғындары кірісінің өсуіне, ет пен сүт тапсыру кезінде шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тәрізді ауыл бизнесі субъектілерінің мүддесіне назар аудару қажет. Өңірлік кеңестің жаңа сайланған мүшесі, «Флагман Агро» серіктестігінің директоры Баян Сковородникованы да «Qoldau» ИСС пайдалану үшін абоненттік төлем тарифін арттыру тәрізді агроөнеркәсіп кешені саласындағы мәселелер толғандырды.
«Ақпараттық есеп орталығы» акционерлік қоғамы қайта есептеспейді және төленген айырмашылықты қайтармайды. Кәсіпкер ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері субсидиялауға өтінім беруді «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе «Qoldau» ИСС арқылы ұсыну қажет деп есептейді. «Qoldau» ИСС пайдалануды тегін негізде қарап, жыл соңында ауыл шаруашылығы тауарлар өндірушілері есебіне жіберу керек. Балалардың қосымша білім орталығы жұмысының проблемасы жөнінде жеке кәсіпкер Ғалия Рақымберлина айтып берді. –Өңірлік кеңестің мүшелері бизнестің өңірлік проблемасына талдау жүргізуді, бизнестің тыныс-тіршілігін түсінуді, сондай-ақ, қай сектор жапа шеккенін білуді сұраймын. Үкімет бизнесті қолдау жөнінде бірқатар шаралар ұсынғанын білесіздер. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған шаралар бүгінгі күні жүзеге асырылуда. Оның жүзеге асыру тиімділігін қарау керек. Тиімсіз немесе сұраныссыз шараларды тез арада түзетуіміз керек. Сондықтан, сіздермен жүргізетін пікір алмасу біз үшін маңызды. Бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың бағасын бизнестің өзі беру керек. Онлайн кездесу форматы тиімді. Жақын арада президиумдағы салалық комитеттің мүшелерімен кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз,–деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар