Колледжге – 60 жыл

Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің құрылғанына 60 жыл толуына орай, осы оқу орнының шәкірттері «Менің сүйікті оқу ордам» атты флешмоб ұйымдастырды.

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында өткен игі шараға 400-ге жуық оқушы мен ұстаздар қауымы қатысты. Барлығы әсем әндердің ырғағымен би билеп, бұл қуанышқа қала тұрғындары да ортақтасты.
–Біз осы акция арқылы еліміздің мәдени өмірінде жастарымыздың белсенді азаматтық позицияны ұстайтынын, ал, колледж шәкірттері мемлекетіміздің патриоттары болып табылатынын көрсеткіміз келеді, – деді ұйымдастырушылар. Биыл асқаралы алпыс жылдығын тойлағалы жатқан білім беру мекемесіне мерейтойларыңыз құтты болсын, білім көкжиегінде биіктен көріне беріңіздер дегіміз келеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар