«Арланды» тоқтату қиын

Өткен дүйсенбі күні «Бурабай» спорт сарайындағы мұз айдынында Көкшетаудың «Арлан» хоккей командасы «Алматыны» қабылдап, 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Ойынды жанкүйерлермен бірге, облыс әкімі Сергей Кулагин тамашалады.

Осы күні мұнда келген хоккей жанкүйерлерінің көптігінен ине шаншар жер болмады. Ойын бас-талысымен екі команда да алма-кезек шабуылға көшті. Арландықтар қарсыластар қақпасына бірнеше рет қауіп төндірді. Бір жолы Владимир Маркелов соққан шайбаны алматылық қақпашы ұстай алмады. Ойын қыза түсіп, арландық Мартин Кришко, Владимир Маркелов пен алматылық Сергей Палкин ойын тәртібін бұзып, 3 минутқа алаңнан қуылды. Ойынның екінші кезеңі де тартысты өтті. Екі команданың ойыншылары бірнеше рет ойын тәртібін бұзды. Бірақ, есеп ашылмады. Ойынның үшінші кезеңінде «Арлан» командасының ойыншылары Тиегу Виртала, Владимир Маркелов және Марко Виртала қарсыластар қақпасына үш шайба соқты. Жексенбі күні де «Арлан» командасы алматылықтарды 4:1 есебімен жеңгенін айта кеткен ләзім.
Р.БАЯҚҰЛЫ.
  Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар