Қылшақтыдан қасқалдақтар безіп кетпес пе екен?!.

Осыдан тура үш жыл бұрын «Көкшетау атына сай қала бола ала ма?» деген көлемді мақала жазып, біраз мәселелерге тоқталған болатынмын. Бүгінгі айтпақ ойымызға орай, содан үзінді келтіре кетуді жөн санадым. «Көкшетаудың басқа көптеген қалалардан ерекшелігі, жанында Қопа сияқты айдын көлі бар. Айдыны 3300 гектар, суы 38 миллион текше метр. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, Қопаның жайы айтылып та, жазылып та жатыр. Көлді тазалау керек деп айтылғанмен, шешілмеген мәселелер көп екен. Оған Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшыларымен болған әңгімеден көзім жетті.

Қопа Көкшетау Көкшетау болғалы бірге жасасып келе жатқан көл. Көкшетаудың ірге тасы қаланғанына  биыл 193 жыл. Міне, Қопаның тазаланбағанына да соншама жыл. Бірақ, тазалығы жағынан Бурабай көлдерімен бірдей екен. Көлді тазалауға 20 миллиард теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Қазір Қарасу көлі тазаланып жатқан көрінеді. Қопаға кезек қашан келетіні белгісіз. Өйткені, қаржыландыру көзі анықталмаған» деп жазыппын. Мен қазір соңғы үш жылды айтып отырмын. Мүмкін бұдан отыз жыл бұрын да Қопа мен Қылшақты өзенін тазалап, кейбір жердегідей қолдан жасалған емес, табиғаттың өзі тартқан сыйын аялап, қамқорлық жасау сөз болған шығар. Бұрынғыдай Мәскеуге жалтақтайтын емес, тәуелсіздік алғанымызға да отыз жыл болды ғой. Бірақ, баяғы жартас, сол жартас… Қопа Көкшетау Көкшетау болғалы бірге жасасып келе жатқан көл. Көкшетаудың ірге тасы қаланғанына  биыл 193 жыл. Міне, Қопаның тазаланбағанына да соншама жыл. Бірақ, тазалығы жағынан Бурабай көлдерімен бірдей екен. Көлді тазалауға 20 миллиард теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Қазір Қарасу көлі тазаланып жатқан көрінеді. Қопаға кезек қашан келетіні белгісіз. Өйткені, қаржыландыру көзі анықталмаған» деп жазыппын. Мен қазір соңғы үш жылды айтып отырмын. Мүмкін бұдан отыз жыл бұрын да Қопа мен Қылшақты өзенін тазалап, кейбір жердегідей қолдан жасалған емес, табиғаттың өзі тартқан сыйын аялап, қамқорлық жасау сөз болған шығар. Бұрынғыдай Мәскеуге жалтақтайтын емес, тәуелсіздік алғанымызға да отыз жыл болды ғой. Бірақ, баяғы жартас, сол жартас… Жылдан-жылға қаланың шекарасы кеңіп, құрылыс көбейген сайын өзен мен көлге құйылатын әртүрлі лас, қоқыстардың көбейгені де шындық. Өзен мен көлдің үстін жылдан-жылға қамыс басуда. Бұл дегеніңіз ертең-ақ қоқыс төгетін орынға айналуы ғажап емес деген сөз. Ал, астында не болып жатқанын сүңгуір үйректер мен балықтар біледі. Осы жерде тағы бір айтайын дегенім, «Қылшақтыдағы қасқалдақтың зарлы мұңы» деген мақаламда мынандай жолдар бар: «Міне, сол қасқалдақтар жылдағыдай Қылшақтыға қайта келді. Өздерінің үйренген өзені. Осы өзеннің жайын тереңіне сүңгіп, тайызына үңгіп жүрген қасқалдақтардай ешкім білмейтін шығар. Өзеннің шетіне бір сәт шығып тұрайын десе, сынған шыны ыдыстар, бос бөтелкелер, пластик ыдыстар, шегілген шылымның қалдықтары, тағысын тағылар… Жылдан-жылға суы да тартылып бара жатқандай. Олай дейтінім, көктемде мұз ерігеннен кейін сан төмпешіктер ұзақ уақыт су деңгейі көтерілгенше әлгі қасқалдақтар мен ондатр, су егеуқұйрықтары дейміз бе,  бір уақыт судан шығып, үстін кептіретін шағын аралға ұқсайды. Бұлай бола берсе, Қылшақты өзен емес, көң-қоқыс төгетін орынға айналуы мүмкін. Ал, суының сапасын санитарлық дәрігерлерден гөрі осы қасқалдақтар жақсы білетін шығар?!Бір күні сол қасқалдақтарымыз «мына былыққан өзеннен өлетін болдық» деп, пыр-пырлап ұшып кетсе, оларға өлеңдегідей «Өз босағаң – бұл жердің тауы, қыры, белесі, босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі. Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт» деп кім айтар екен?..»Менің бұл тақырыпты қозғап отырғаным, алдымен Қопаға келіп құятын Қылшақты өзенінің мүсәпір қалы. Мен жиырма жылдан аса осы өзен мен көлге жақын жерде тұрып жатырмын. Көктемде өзеннің толған, қысқа қарай сарқыла бастағанын да көріп жүрмін. Бұл өзенде не жоқ, қала сыртындағы қатты қоқыс полигонында не жатса, осы өзенде де солар бар. Күзде су тартыла бастағанда бәрі алақандағыдай көрініп жатады.  Жоғарыдағылар «сен айтпай-ақ та білеміз» деуі ықтимал. Білгені не керек, қамыс басы сынбаса. Бұл жерде қазіргі облыс, қала басшыларына әзірге сын айту орынсыз болар, тек олардың еңбектерінің жемісін көпшілікке, көкшеліктерге көруге жазсын…Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Биыл Көкшетауда өткізілмекші Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына байланысты өте ірі құрылыс нысандары, Қылшақты өзенінен өтетін екі үлкен көпір, өзен жағасында салынып жатқан 500 орындық амфитеатр, «Үйір жылқы», «Махаббат алаңы» мүсіндік композициялары, аллея, «Болашақ» сарайы, Қопаның жағалауындағы абаттандыру жұмыстары, қаланы көркейте түсетіндеріне дау жоқ. Иә, қала көркейсін, өссін. Ал, табиғаттың өзі сыйлаған, екінің бірінде жоқ, өзен мен көлді осындай мүсәпір қалде ұстау – ақылға сыймайды. Жанға батады.Жылда біреулер өзенді тазалаған болып айналшықтап жүреді. Тырмамен өзеннен балдыр мен мүкті алып, қамысты шауып… Өткен қыста мұз үстінде жүріп қамысты шапты. «Қыста қамыс шапқанға түсінбедім» десем, «мұз ерігенде шабылған қамыстың ішіне су толып, тамырымен шірітеді» деген жауап естідім. Бірақ, сол қамыстар қаулап өспесе, шіріп қалғанын көре алмадым. Әсіресе, өзен жағасындағы «Аққу» балабақшасының тұсына келіп сіздердің де  көрулеріңізге болады. Бұл көл мен өзенді арнайы мамандандырылған, жаңа заманауи техникасы бар кәсіпорын қолға алмай іс бітпейді.Осы Көкше топырағына кіндік қаны тамған, жоғарыдағыларға бір саты жақын,  халықтың үмітін ақтаймын деп мандат алған қала, облыс, Мәжіліс, Сенат депутаттары да келер ұрпаққа тап-таза, мөп-мөлдір күйде қалдырар осы көл мен өзенді емес, қара бастарының қамын ойлап кеткен сияқты. Олай дейтінім, мәселе қаржыда, «қарына тартпағанның қары сынсын» дегендей, бюджетті қарағанда жаны ашыған жерлестердің Қопа мен Қылшақты бір бүйірінде тұруы керек еді…             Совет ХАМИТҰЛЫ,       еңбек ардагері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар