Ауылда ата кәсіпті дамытуда

Ерейментау ауданының тұрғыны Әнуарбек Бәйменов «Бизнес бастау» жобасы шеңберінде мал шаруашылығын дамытып, экологиялық таза шұжық және жартылай фабрикат өндірмекші.

Бүгінгі таңда жеке кәсібін ашып, табыс табам деген адамға кедергі жоқ. Керісінше, Үкімет шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша назар аударып отыр. Ауылда жеке кәсібін ашқан азаматтар қатары күннен-күнге артып келеді.  Бұл «Бастау-Бизнес» жобасының жемісі дейді тұрғындар. Бұндай мүмкіндікті пайдаланып, тұрмысын түзеткендер қатары біздің облысымызда да жетерлік. Соның бірі – «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы жеңілдетілген несие алып, жеке кәсібін ашқан ерейментаулық Әнуарбек Бәйменов. Ол осы жоба арқылы арнайы курстан өтіп, мемлекеттен алған несиесіне өз шаруасын дөңгелетіп отыр.
Кәсіпкер 2018 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша бөлінген несиеге «Абердин-Ангус» сиырлары, трактор және шөп түйгіш сатып алған. Басында қиын болғанымен, қазір табыс молайып, тұрмысымыз жақсара түсті дейді, жас кәсіпкер. Олжабай ауылының тумасы «Бастау-Бизнес» жобасына қатысқаннан кейін қаладан еліне қайтып келген. 2019 жылы «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде несие алып, Алғабас ауылында асыл тұқымды мал басын көбейткен. Енді алдағы уақытта экологиялық таза шұжық және жартылай фабрикат өндіруді жоспарлауда.
– Жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартып аудан экономикасын көтеру басты мақсатым, – дейді Әнуарбек Бәйменов.
Қазіргі кезде, кәсіпкер кәсіпорынға қажетті қазіргі замаңғы жабдықтар сатып алуда.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар