Ауруханаларға тіркелу жүріп жатыр

Ақмола облысының 600-ге жуық тұрғыны бірде-бір медициналық ұйымға тіркелмеген. Бұл дегеніміз, олар қажет болған жағдайда тегін көмек ала алмайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сондай-ақ, осы емханаларға тіркелу мәселесі жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Әлия Жүсіпова мәлімдеді.

–15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркелу науқаны өтеді. Биылғы жылға медициналық сақтандыру қоры тұрғындарға қызмет көрсету бойынша 46 медициналық ұйыммен 93 келісімге қол қойды. Оның 33-і мемлекеттік, 13-і жекеменшік ұйым, – дей келе, Әлия Жүсіпова емханаларға тіркелу тәртібі туралы айтып берді. Оның айтуынша, тұрғындар өздері қалаған кез келген медициналық ұйымға тіркелуге құқылы. Алайда, емханаға тіркелу кезінде оның тұрғылықты жері бәрібір ескеріледі. Сонымен қатар, емхана пациентті тіркеуін тіркеп, бірақ, дәрігерді үйіне шақырта алмауы. Мұндайда пациент жағдайға өзі жауапты болады.
Егер, пациент басқа медициналық ұйымға тіркелгісі келсе, ол жаңа емхананың медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісім-шарты бар-жоғын анықтап алуы қажет. Бұл дәрігерге дейін тегін қаралу және жоспарлы медициналық көмек алу, күндізгі стационар қызметін пайдалану және дәрі-дәрмекпен қамтылу үшін керек. Яғни, 15 қарашаға дейін медициналық ұйымды ауыстырып үлгермегендер, сол бұрынғы тіркеуімен қалдырылады.
Сондай-ақ, Әлия Жүсіпова медициналық сақтандыру мәселесіне де тоқталып, әрбір азамат емханаға тіркеліп қана қоймай, міндетті әлеуметтік сақтандыру қорында сақтандырылуы тиіс екенін атап өтті. Бұл томография, УДЗ секілді жоғары технологиялы медициналық көмекті тегін алу үшін қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар медициналық сақтандыру жарнасын өздері төлеуі керек. Ол үшін қаладағы емханаларда арнайы терминалдар орнатылған. Осы орайда, брифингке қатысқан №1 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Гүлнәзия Зұлқарнаева да аталған медициналық ұйымның медициналық сақтандыру жүйесіндегі жұмысы туралы айтып берді.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар