Тұмауға қарсы екпе жалғасуда

Облысымызда 49 мыңнан астам адам екпе алды. Бұл ұжымдық иммунды қалыптастыру үшін екпе салу жоспарланған адамдардың 64,6 пайызы.

Облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, облыста тұмауға қарсы екпені 5198 медицина қызметкеріне, 441 жүкті әйелге, созылмалы ауруы бар диспансерлік есепте тұрған 2623 ересек пен балаға, жиі ауыратын 3 жасқа дейінгі 148 балаға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің 252 тәрбиеленушісіне, тыныс алу және жүрек қан тамырлары жүйесінің созылмалы ауруына шалдыққан 14770 адамға, қарттар мен мүгедектер үйлерінде медициналық-әлеуметтік көмек алатын 1273 адамға салу жоспарланған.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар