Сессияда бюджет қаржысы нақтыланды

2020 жылғы 7 қазанда Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс 50-ші сессиясы өтті. Депутаттар бірінші болып ағымдағы жылдың бюджетін нақтылау мәселесін қарады. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Дүзелбаев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XVII форумын ұйымдастыру, жылыту маусымын өткізу, білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салу және жөндеу, медициналық жабдықтар, дәрілік және дезинфекциялау құралдарын сатып алу бойынша бірқатар іс-шараларды қаржыландыру мәселелері жөнінде ұсыныстар ұсынды. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында қосымша қаражат Шортанды және Бұланды аудандарындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады. Сондай-ақ, бюджетте коммуналдық шаруашылыққа, автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге қаражат жұмсау көзделген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Ілиясов Ақмола облысында денсаулық сақтау ұйымдарын дамытуға және олардың жұмыс істеуіне бағытталған іс-шаралар жоспарының жобасын депутаттарға қарауға және бекітуге ұсынды. Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру мәселесі талқыланды.
Сессияда сонымен бірге, ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да мәселелер қаралды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар