Әке өнегесі

Ауыл шаруашылығы саласына өзінің саналы ғұмырының 37 жылын арнаған жандардың бірі –  Нұржан Амантаев.

Соңғы 15 жылдан бері «Шарафутдинов және К» серіктестігінде механизатор, бертін техника реттеушісі болып жемісті еңбек етуде. Ол 1973 жылы Калинин орта мектебін тәмамдаған соң еңбек жолын тракторшы болып бастады. Тепсе темір үзетін жігіт Отан алдындағы борышын  ойдағыдай өтеп, 1977 жылы елге оралды. Оны «Жұлдыз» кеңшарының басшылары құшақ жая қарсы алып, №1 бригадаға жұмысқа жібереді. Темір тұлпар тізгіндеген жас жігіт бірден еселі еңбегімен көзге түседі. Күнделікті нормасын асыра орындап, құрмет тақтасынан бір түспейді.
«Еңбек етсең еленерсің, мол табысқа кенелерсің» демекші, өткен жылғы ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Жұмысына адал, тиянақты, жауапкершілігі мол еңбекқор жанды ұжымы қатты сыйлайды. Ол өзіне жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқарды. Аянбай жұмыс істеді. Еңбегінің жемісін көрді.
Отбасындағы татулық, ауызбірлік пен имандылық жас ұрпақтың болашағына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.  Нұржан Амантаев сегіз баланың әкесі, 11 немеренің сүйікті атасы. Әкелерін үлгі-өнеге еткен ұлдары да техника тілін жетік меңгерген.

Гаухар ТҮСІПБЕКОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар