«БЛЭК»-тің Русланы

«БЛЭК» серіктестігі ағаштан жиһаздар мен қазақ халқының ұлттық нақыштағы бұйымдарын жасауда. –Бізде қазіргі кезде 150-ге жуық әртүрлі бұйымдар шығарылады. Олардың арасында ұлттық оюмен өрнектелген қазақтың астауы, бесік, қымыз құятын астаулар мен дөңгелек үстелдер тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие, – дейді серіктестік директоры Юрий Никитенко.
Мұнда қазір 30 ағаш шебері еңбек етуде. Соның бірі – «ағаш тілін» жетік меңгерген Руслан Аманжолов. Оның осында еңбек етіп жүргеніне 10 жылдың жүзі болды.  Жұмыс істейтін ағашы негізінен,  қайың, шие, жаңғақ, қарағай. Қашаудың ондаған түрі мен ескі балға және екі қолдың епсектілігі мен батылдығы, саусақтарының сезімталдығы арқасында дүниеге ғажап заттарды әкелуде. Руслан  ешқашан өзінің туындыларын түсті бояумен боямайды екен. Мұны ол ағаштың табиғи түсінен артық ештеңе жоқ деп түсіндіреді.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар