Ақмоланың музейі – жеңімпаз

«Рухани қазына – 2020» республикалық фестивалінің қорытындысы бойынша Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясына ие болды.

Музей директоры Қ.Шақшақовқа осыны айғақтайтын сертификат пен дипломды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова тапсырды. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде өтті.
Биыл құрылғанына 100 жыл толып отырған музей ұжымы бұл жоғары жетістікке «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы нәтижелі жұмысы үшін де қол жеткізді. Олай болса, облысымыздың мәдени өміріндегі осы бір үлкен қуаныш бәрімізге құтты болсын!
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар