Өңірлік электр желілері компаниялары ірілендіріледі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт Жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 51-қадамы өңірлік электр желілік компанияларды ірілендіруді қарастырады.

Бұл шара тұтынушыларды электр энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, тұтынушы үшін электр энергияның тарифін төмендетеді, сондай-ақ тарифтердің өңірде және тұтастай ел ішінде айырмашылықтарын тегістейді.Ұлт жоспарының 51-қадамын іске асыру аясында ел Үкіметі 2017 жылдың өзінде кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізді және бірқатар заңға тәуелді нормативтік актілерді бекітті. Бәрімізге белгілі, электр энергетикасы – бұл ел экономикасының маңызды стратегиялық саласы, қауіпсіздік мәселелерінде және экономикалық даму мәселесінде маңызды рөл атқарады. Осыны ескеріп, меншік нысанына қарамастан электр энергияны беру бойынша қызмет көрсететін ұйымдар үшін техникалық және ұйымдастырушылық талаптарды кезең-кезеңмен енгізу белгіленді. Сонымен, заңнамамен техникалық құралдар мен механизмдердің, электр желілерін пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жарақталған, оқытылған және аттестатталған персоналдың болуы, есептің автоматтандырылған жүйесі мен телекоммуникацияның болуы, сондай-ақ еліміздің жүйелік операторымен тиісті шарттың болуы белгіленген.
Заңнамамен белгіленген талаптар ескеріліп, кезең-кезеңмен енгізіледі, бұл бағыттағы жұмыстар күні бүгінге дейін жалғасуда.Алдағы жылыту кезеңіне дайындықтың аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитеті елдегі энергия беруші ұйымдардың белгіленген талаптарға сай екендігін анықтау жөнінде бақылау шараларын жүргізуде. Жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі бойынша белгіленген талаптарға сай келмейтін электр энергия-
ны беруге арналған бекітілген тарифті төмендету мәселесі қарастырылатын болады. Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитеті электр энергетикасы саласында бақылауды жүзеге асыратын орган болып табылатынын еске саламыз.Егер, Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы бұзушылық фактілері анықталатын болса, Комитеттің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 230, 22-бөлме мекен-жайы бойынша жүгінуді сұраймыз.
Жаслан ҚАСЕНОВ,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитеті Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментін басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар