Саналы ғұмыр ғибраты

 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің кеңейтілген ғылыми кеңесі қазақ филологиясы кафедрасының академиялық доценті, ұлағатты ұстаз, Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің озық қызметкері Таңсық Жұрынқызының 70 жылдығына арналды.

 

Шараны жүргізген аталмыш университеттің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері үшін мерейтой иесін Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапаттады.
Шараға білім саласының басшылары, ғылыми кеңестің мүшелері, ұлағатты ұстаздың туыс-туғандары мен оқытушылар, шәкірттері мен студенттер қатысты. Университет ректоры алдымен, осы білім шаңырағында педагогикалық, оқу-әдістемелік қызметті жетілдіру, ғылыми зерттеулерді дамыту және ғылыми кадрларды даярлау ісіне сүбелі үлесін қосып, бүкіл саналы ғұмырын халыққа адал қызмет етуге арнаған ұлағатты ұстаздың мол  қызметі жайында айтып өтті және университет ұжымының құттықтауын жеткізіп, сый-сияпат жасады. Бұдан кейін қатысушылар Таңсық Жұрынқызының өмірі мен қызметі жайында түсірілген бейне таспаны көрді. Ғылыми кеңес барысында педагогика ғылымының докторы, профессор Бәрия Жахина ұлағатты ұстаздың өмірі мен қызметі жайында баяндама жасап, оның университет баспасынан кітап болып жарық көрген мақалалар жинағын тапсырды.
Шара барысында Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің директоры Құралай Ыдырысова, «Көкше» академиясының профессоры, шәкірті Қасиет Мәлғаждаров, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Қайыр Әбдірахманов, № 18 орта мектептің директоры Жақсылық Өтебаев, филология және педагогика факультетінің деканы Раушан Әміренова және өзгелері өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіріп, сый-сияпат жасады. Келесі күні бұл шара танымал ұстаздың тағылымды тойымен өз жалғасын тапты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар